////

Әлемдегі ең кіші Сарқырама

7399 рет қаралды

Әлемдегі ең кіші Сарқырама Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданында орналасқан. Сарқыраманы ХХ ғасыр басында Нармағамбет болыс үйір жылқысын суару үшін салдырған екен. Биіктігі 3 метр Сарқырама маңында тұнық көл, борлы-құмды жердегі “Қыз әулиенің” бейіті мен мөлдір бұлағы бар.

Тұмса табиғаттың тыныштығын тек құстардың әні ғана “бұзатын” бұл жердегі сөзсіз сұлулықтың сақталу “сыры” – келушілердің көлігі құмға батып, жаяу жетпек болғанда табанын ып-ыстық ақшыл құмның күйдіріп жүргізбейтіндігінде шығар. “Бар” деуге келмейтін жолы көлік жүргізушісін шатыстырып, табиғаттың ғажап сыйына тамсануға асыққандарды әбден әлекке салады.

Желмаясымен Жерұйық іздеген Асан Қайғы: “Шыңғырлау, жылқы өзі өскен жоқ, сен өсірдің!” – деген құт мекенге көңіл бөлініп, қаражат құйылса, жоқ жолға қарамай қазірдің өзінде көрші елден ағылған жұрттың қарасымен бірге турист те көбейер ме еді? Өзгеден бұрын облыс орталығынан бірер сағаттық жердегі тарихы мен табиғаты қатар үйлесім тапқан өлкеге жолы түспегендер қанша?

Жайнагүл Хамидолла

Сурет авторы: Мейірбек Тәжқұранов

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар