///

Аналар әкімдікте неге түнеп жүр?

2837 рет қаралды
2

Біреулері ақпанның соңғы аптасынан бері қала әкімдігінің ғимаратында қонып жүрсе, басқалары енді қосылып, дәл қазір Қазақстанның шет-шетіндегі мүгедектігі бар балалардың ата-аналарынан қолдау тауып, шабыт пен үміт сыйлап отыр.

Шын мәнінде аналардың мұндай халге жетіп, осындай шараларға жүгінуіне не себеп болды екен деген сауалмен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне барып қайттық.

Дәл төр есіктен кіре бергенде, сол жақта көп балалы аналар, белсенділер орын тапса, залдың оң жақ қанатында ерекше қажеттіліктері бар балалардың аналары көрінеді.

Біз екі топтың да пікірін тыңдап келдік.

Мүгедектігі бар балалардың аналарының атқарушы билікке деген 38 тармақты нақты талаптары бар екен.  Барлығы да орынды, жылдар бойы жұмыс топтарында, басқа да жиындарда талқыланып, ескеріліп, алайда қолданыста жетілдірілмеген жайттар. Бұл, негізі, мүгедектігі бар балаларды күту, оңалту бойынша сұрақтар.

Алғашқы күндерден бастап аналармен әкімдік, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері, депутаттар кездесіпті.

Ерекше баланың анасы, бірнеше жыл бойы әлеуметтік қызметкер болып істеген Әселдің айтуы бойынша, қазіргі ұсынылатын көмекші және гигиеналық құралдардың сапасы төмен, жаялықтардың саны аз, арбалар да көпке жарамайды. Арнайы шипажайлар көп емес, барында бұрыннан жөндеу жұмыстары жасалмаған.

Осы және басқа да сұрақтарды конструктивті талқылауға дайын бірнеше ана ұйқыларын, бала ыңғайын қиып, әкімдіктің кіреберісінде мәселе мәресіне жеткенге дейін түнеуге даяр отыр.

Болып жатқан жағдай жайында әкімдіктің ресми сайтында «Белсенділердің жиналу мақсаты – басқа аналардың пікіріне манипуляция жасап, ойдан адастыру» деп жазылған.

Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Аукенов Facebook желісіндегі жеке парақшасында аналармен кездесуі туралы қысқаша баяндаған. Оның сөзінше, «Мүгедектігі бар адамдарға ауқымды және пайдалы біраз іс атқарылып жатыр, алайда ақпарат әрдайым керек жерге жете қоймайды». Ал соңғы постында министрлік жергілікті атқарушы органдар үшін бірыңғай әдістемелік ұсыныстар әзірлегені туралы хабарлаған. Әкімдіктерге өз мүмкіндіктері шегінде ата-аналардың біріне санаторийге жол ақысын өтеу ұсынылыпты. Аукенов мырзаның айтуы бойынша, биыл оңалту бағдарламасы бойынша 11 мыңнан астам отбасы мұндай мүмкіндікті қажет етеді.

Айта кетейік, 2019 жылы Қазақстанда мүгедек жандардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жаңа Ұлттық жоспар іске асырыла бастады. Осы жоспар аясында 2020 жылы әлеуметтік портал іске қосылды. Порталды әзірлеудің мақсаты – мүгедектігі бар адамдардың оңалту құралдары мен қызметтерін өз бетімен мердігерлерден онлайн тәртібінде сатып алуына мүмкіндік беру.

Жағдайдың егжей-тегжейін көзбен көріп, тыңдағыңыз келсе, сұхбаттары бар бейнематериалды тамашалауыңызға болады.

Материалды дайындаған Жанар Байтлес, арнайы MINBER үшін.

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

Әкімдікте түнеген аналардың мұңына кім құлақ асты? – Мінбер жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері