//

Ауылшаруашылығы нысанындағы жерді Қазақстан азаматтарына жеке меншікке беруге бола ма?

2276 рет қаралды
photo: inbusiness.kz

Қазіргі кезде Мәжілісте Президенттің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген  “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасы талқыланып жатыр.

Сондай-ақ, Жер реформасы жөніндегі комиссия отырысы әр аптаның сенбі күндері өтуде. Бұл жиынның басты мақсаты – еліміздегі  ауыл шаруашылығына қатысты мәселелерді егжей-тегжейлі талқылау.

Комиссияның екі отырысы өтсе де, қазірдің өзінде Жер қатынастарына қатысты оның мүшелерінің көзқарасы екіге жарылғандай. Мұхтар Тайжан, Мақсат Толықбай, Мұрат Әбенов, Жәнібек Қожық  ресми мәлімдеме жасап, еліміздегі ауылшауашылығына арналған жерлерді Қазақстан азаматтарына да жеке меншікке сатуға қарсы екендігін жариялады. Олардың пікірінше, жер мемлекет меншігінде қалуы тиіс. Ал, азаматтар жерді жалға алып жұмыс істесін, дейді.

Ал, осы комиссия мүшесі, ауылшаруашылық жөніндегі сарапшы Алмасбек Садырбаев, жерге жеке меншік құқығын беру арқылы оған деген көзқарас өзгеретінін айтады.

Бұл сұхбатқа Мұхтар Тайжан мырза да шақырылған еді, алайда Мұхтар мырза шаруалары шығып, сұхбатқа қатыса алмады. Ал, Алмасбек мырза өз ұстанымына не себеп болғанын әңгімелеп берді.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар