///

Олимп ауылының тұрғындары өздері тұрғызған трансформаторды жалға алуға мәжбүр. Даудың басы сыйға тартқан жерден басталды

4122 рет қаралды

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Іргелі ауылдық округі, Кемертоған ауылына қарасты Олимп ауыл тұрғындары әкімнің кім екенін, қай жерде отыратынын білмейтіндерін айтты. Әкім болса “Өздері келмейді,” деп қарап отыр

2015 жылдан бастап іргетасы қаланған “Олимпийская деревня” аталып кеткен ауылда 60 шақты тұрғын түтін түтетіп отыр.
Ауыл тұрғыны Мадинаның айтуынша бұл ауылға көшіп келгелі ауылда тек төраға ғана бар. Ауыл тұрғындарына жер телімін сатқан Сергей Семенович, бір жер телімін “тұрғындар қажетіне” деп сыйға берген екен. Тұрғындар өз қаражаттарына ол жерге трансформатор мен су ұңғымасын орнатқан. Ең алғашқы төрайым Муканова Фарида ол жерді тұрғындар өз аттарына жаздыру керектігін ескерткен екен.
“Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры” демекші, тұрғындарды осы сыйға берілген жер телімі әбігерге салып отыр.
2019 ж тамыз айында ауылға төраға болып Ержан Азнабаев келеді.

Ауыл тұрғыны Жанна:
– Ержан келгенде 1,5 млн жарыққа қарыз болып шықтық. Біз неге біреу үшін төлейміз, кім екенін анықтайық десек, қолында не бір құжат, не бір қағаз жоқ. Кімнің қанша беріп жатқанын өзі білмейді. Әрі өзі сол ақшаны уақытымен де төлемеген, ақыры 1,5 млн жинап қарызды жаптық. 1 жыл отырып кеткен Ержанның орнына Егенбаев Садуақас деген тұрғынды өзіміз төраға етіп сайладық. Сол кезде жерді заңдастыру мақсатында адвокат жалдап, С.Семеновичті тауып, ол кісі бізге жер телімін сыйға бергенін дәлелдеп бермек болып келіскенбіз. Бірақ бұрынғы төраға  Ержан Азнабаев ол істі өз қолына алатынын айтты. Алайда ешқандай іс қозғалмаған, жерді заңдастыру үшін жинаған 500 мың теңгені алған Егенбаев Садуақас та оның  есебін бере алмады. Кейін анықтасақ жерді Ержан Молдашев Әділбек деген кісіге сатқан. Ол өзінің туысы. Қазір Әділбек Молдашевтан жерді Айнабеков Алтын-Дэн Бахтыбаевичтің қарамағындағы “Bey Azh Trans” ЖШС сатып алған.

Біздің қолымызға Әділбек Молдашев пен жерді Айнабеков Алтын-Дэн Бахтыбаевичтің қарамағындағы “Bey Azh Trans” ЖШС арасында жасалған сату және сатып алу келісім шарты түсті. Келісім шарт 10100495637810 бірегей нөмірімен 2021 жылдың 15 сәуірінде жасалған. Яғни, жер сатылғалы бір айдан астам уақыт қана өткен.

Қазіргі ауыл төрағасы Жүнісов Бекжан өзіне белгісіз кісінің хабарласып, осы трансформатор мен су ұңғымасы тұрған жер теліміне айына 200 мың тг аренда төлеп, әрі жарық пен су ақшасын “Bey Azh Trans” ЖШС-іне төлеу туралы құжаттарды заңдастырып, келісуге шақырғанын айтады.

Біз Ержан Азнабаевты таба алмадық. Бірақ жерді “Bey Azh Trans” ЖШС-іне сатқан Әділбек Молдашевпен хабарластық. Оның айтуынша жерді кімнен сатып алғанын айту коммерциялық құпияға қол сұғу болып табылады екен.  Сол үшін оны айтудан бас тартты, алайда жерді “Bey Azh Trans” ЖШС-іне сатып жібергенін растап отыр.
Тұрғындардың ашуын туғызған осы жайт пен жер корпоратив атына болмаса мемлекетке өтсін деген өтінішін әкімшілікке жеткізген едік. Қарасай ауданы, Іргелі ауылдық округінің әкімі Абылай Ысқақов
“Трансформатор мен су ұңғымасы қай жерде тұр, ол сол кісінің жеке меншігі болып табылады. Мен нақты ештеңе айта алмаймын. Ол ауыл елді мекеннен тыс жер ма лпх ма, өздері келмеген соң білмеймін. Осы аптаның аяғында барып, ауыл тұрғындарын тыңдап, бұл мәселені анықтаймын” деді өз пікірінде.

Әлия Әбілсейітқызы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі