//

Алматыда теннистен құрама командалар жасақтауға 105 млн теңге бөлінбек 

3140 рет қаралды
фото: www.wtatennis.com

Мемлекеттік сатып алулар сайтында жарияланған хабарламада бұл қызмет  «Әр түрлі жас санаттарында көгалдар теннисінен (теннис) Алматы қаласының құрама командасын қалыптастыру, оқу үдерісін және қалалық, республикалық және халықаралық жарыстарда өнер көрсетуге іріктеу (іріктеу шараларын) өткізу бойынша қызметтер» деп көрсетілген. «Алматы қалалық спорт басқармасы» КММ қызмет жеткізушіден әр түрлі жас санаттарында Алматы қаласының теннис бойынша ұлттық құрамын құруды,  теннистен балалар мен жасөспірімдер құрамаларының 2021 жылы Алматы қаласынан жасына қарай оқу процесін қамтамасыз етуді талап етеді. Сондай-ақ,  12, 14, 16, және 18 дейінгі (ұлдар/қыздар) жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер құрамаларының жасына қарай қатысуын қамтамасыз етуге міндетті.

Құрылуына 105 млн 357 мың 143 теңге жұмсалатын бұл командалардың оқу-жаттығу жиындарының кестесіне сәйкес, олар 5 рет Түркияда, бір рет Ешипетте жаттығу жиындарына қатысуы тиіс.

«Алматы қалалық спорт басқармасы» КММ бұл қызмет түріне қатысты бірнеше KPI бекітіп отыр. Атап айтқанда командалар спорттағы әр түрлі деңгейдегі ресми жарыстарда жүлделі орындар (1, 2 немесе 3) алуы керек.

Қызмет жеткізуші жоғарыда көрсетілген жас ерекшелігі бойынша 40 оқушыны және 5-тен 10 жасқа дейінгі 200 баланы теннис спорты бойынша спорттық секциямен қамтуы тиіс. Сондай-ақ, қызмет жеткізуші Алматыда көгалдар теннисі бойынша жас ерекшеліктеріне орай 15 турнирден кем емес турнир өткізуі керек.

Әлеуетті жеткізушінің 16 маманы, оның ішінде жоғары теннис бойынша бес теннис жаттықтырушысы болуы тиіс. Әлеуетті өнім берушінің көгалдар теннисі үшін жабдықталған спорттық ғимараты бар талапқа сай болуы керек.

Қызмет көрсету мерзімі 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін.

Өтініш беру мерзімі 26 маусымда аяқталатын бұл сауда-саттыққа әлеуетті жеткізушілер тарапынан әзірге ешбір өтінім түспеті.

 

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар