Қырғауылды ауылының тұрғыны Тәліп Жарменов бір жылдан бері бөдене құсын асырап, баптаумен айналысып келеді. Бұрын-соңды көрмеген құсты өсіруіне зейнетке шығуы мен карантин әсер еткен екен. Тәліп мырзаның айтуынша бөдененің еті мен сорпасы адам миына, ал жұмыртқасы жүрекке пайдалы. Және тауық жұмыртқасына қарағанда, бір грамм бөдене жұмыртқасының құрамында А және D дәрумендері екі есе көп. Өнімнің ең басты ерекшелігі – өз қасиетін жоймай ұзақ сақталуында. Бөлме температурасы жағдайында айға жуық, ал тоңазытқышта 60 тәулікке дейін сақтауға болады.  

Мамандар бөдене жұмыртқасын әсіресе, балаларға, қарттарға, аяғы ауыр және емізулі баласы бар әйелдерге, сырқат және әлсіз жандарға жиі тұтынуға кеңес береді. Себебі, бұл өнімнің адам иммунитетін көтеріп, сергітетін қуаты мол. Нақтысы, бөдене жұмыртқасы мынадай ауруларға  таптырмас ем:

– бас ауруына;

– демікпе мен туберкулезге;

– қан қысымының көтеріліп және түсіп кетуін реттейді;

– бүйрек, өкпе, асқазан, ішек ауруларын, асқазан жарасын жазады;

– фосфор, калий, темірдің әсерінен есте сақтау қабілеті жақсарады;

– анемияға;

– бөртпе пен диатезге;

– салқын тию мен тұмауға;

– бұлшық ет пен сүйектерді қатайтады;

– баланың есте сақтау қабілетін арттырады;

– диета кезінде арықтауға, ағзаның қалыпты жұмыс істеуіне көмектеседі.

– радионуклейдті тұздар мен ауыр металдарды ағзадан тазартады;

– адамды жасартатын қасиетке ие.

Парақшамызға жазылыңыз

Айғаным Айтақын

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында дүниеге келген. Ақын. Халықаралық, республикалық жыр мүшәйралардың жеңімпазы. Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Университетіндегі журналистика мамандығының білімгері.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі