///

Шығыс Қазақстан: Облыс имиджін әлеуметтік желіде насихаттау үшін 60 миллион теңге жұмсамақ

4684 рет қаралды
фото: Рател

Маусымның 9-ында Шығыс Қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасы 60 миллион теңгенің жаңа конкурсын жариялады. Тендер ашық конкурс негізінде жүргізілмек. Бірінші конкурс жүзеге аспаған екен, бұл екінші конкурс. Конкурстың аяқталуына екі күн қалған. Демек, құжаттар қабылданып жатыр деген сөз.

Көрсетілетін қызмет – әлеуметтік желілерде 2021 жылға арналған мемлекеттік ақпараттық саясаттың негізгі тақырыптық бағыттары бойынша ақпараттық материалдарды қазақ және орыс тілдерінде орналастыру жөніндегі қызметтер. Мемлекет басшысының Жолдауының жүзеге асырылу барысы туралы, мемлекеттік саясаттың маңызды мәселелерін түсіндіру бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндік, аудивизуалды және графикалық материалдарды дайындау және ШҚО-дағы әлеуметтік желілердің белгілі топтарында, /пабликтерінде/парақшаларында жариялау.

Бұл ретте негізгі басымдыққа ие әлеуметтік желілер Facebook және ВКонтакте болып отыр. Instagram, Youtube әлеуметтік желілерінде тікелей эфир өткізу де көзделген.

Қызмет көрсету мерзімі: 2021 жылдың 24 желтоқсанына дейін Ақпараттық қызметтердің тақырыптық бағыттары:

– Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдаулары;

– «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары;

– Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы;

– Мемлекеттік, өңірлік бағдарламалар, кешенді жоспарлар;

– Мемлекеттік ақпараттық саясаттың негізгі бағыттары;

– 2021 жылғы мерейтойлық даталар, оның ішінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы;

– Қоғамдық маңызы бар іс-шаралар;

– Оқиғалар қатары.

2021 жылдың алғашқы бес ары артта қалғанын ескерсек, бұл конкурс өткізіліп болғанша маусым да түгесіледі. Демек, Шығыс Қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасы облыс имиджін әлеуметтік желіде насихаттау үшін әр айға 10 миллион теңге жоспарлап отыр.

60 миллион теңгеге (қосымша құн салығын қоспағанда) әлеуметтік желілерде ақпараттық және репортаж бағытындағы 21000 секундтық аудиовизуальды материалдар (актерлардың қатысуымен) мен 150 минуттық деректі фильм дайындау көзделген. Сонымен қатар Facebook немесе ВКонтакте желісінде конкурс жеңімпазы ақпараттық бағыттағы 800 және репортаж бағытындағы 700 пост жариялауға міндеттеледі.

Техникалық ерекшелігін сарапқа сала отырып, коронавирус пандемиясы әртүрлі пресс турлар мен блогтур ұйымдастыруға кедергі бола алмайтынын көруге болады.

Есен Байнұр

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар