///

49 миллионға салынған жол: Асфальт қайта төселді. Бірақ…

3561 рет қаралды

“Мінбер” сайты  әр мәселені соңына дейін жіті қадағалауында ұстайды. Сондай  ауқымды мәселелердің бірі Талдықорған қаласының іргесінде орналасқан Байысов ауылының жолы. Естеріңізге сала кетейік, Байысов ауылына ағымдағы жылдың қыркүйек айында жол төселген болатын. Құны 49  миллион теңге. Көктем шыға жарты миллион ақша қармен бірге еріп кетті. Мінбер сайтының тілшісі «Ескелді ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ  мамандарымен үнемі байланыста болды. Жол жөнделіп, ауыл тұрғындарының өтініші діттеген жеріне жеткенше  ауыл тұрғындары да жолдың жайынан хабардар етіп келді.

«Ескелді ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ және «Жетісу жол құрылыс» ЖШС  М.Байысов ауылындағы  Байсейітов көшесінің 2020 жылғы 25 сәуіріндегі №26 орташа жөндеу туралы  келісім шарт жасасты. Қыста жауған қардан кейін  жоғарыда көрсетілген көшеде  көптеген шұңқырлар пайда болды.  Шартқа сәйкес Орындаушы  Тапсырыс берушіге 2  жылға пайдалануға кепілдік беруіне байланысты , Орындаушы  тарапынан асфальт қатты жабындысы қайта салынып, кемшіліктер жойылды.» дейді  «Ескелді ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы Елиздер Касымович.

«Иә көптен күткен қуаныш орындалды. Жол төселді. Бірақ бір әттеген-айы бар. Сапасы сын көтермейді, шеттері түсіп жатыр. Қайта жөндегені осы болса…» деп қысқа қайырды ауыл тұрғыны Сертай ұлы Мағай.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар