Бүгін жалпы Қазақстан бойынша Ұлттық аза тұту күні. Бейбіт күннің батырлары, жау келмей оққа ұшқан қыршындарымыздың жаны жаннатта болсын. Ақын, халықаралық Алаш сыйлығының иегері Ғалым Жайлыбай ағамыздың қаралы Қазақстанға айтқан көңілін оқырмандарға ұсынғанды жөн көрдік.
29 тамыз: Ұлттық аза тұту күні

Соңғы жазбалар
“Мінбер” сайты саясаттанушы Дос Көшіммен сұхбаттасты. Сұхбат барысында “Ұлттық құрылтай” нәтижелері, елдегі саяси ахуал, қоғам мен
Ыстамбұл қаласында хоккейден 18 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпионатының IIA дивизионы аяқталды. Аталмыш сайыста Қазақстан
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияда өтетін XXV Қысқы Олимпиада ойындары мен XIV Қысқы Паралимпиадаға қатысатын Қазақстанның
Елде жылына шамамен 5 миллион тоннаға жуық тұрмыстық қалдық түзіледі, оның 9 пайызы – шыны қалдықтар.
Фото: ҚР Спорт комитеті Бірер аптадан кейін Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындарының
Фото: biathlon_kaz Қазақстан биатлоншылар одағының мәліметінше, жаттықтырушылар штабы Миланда өтетін Қысқы Олимпиады ойындарында ел нашысын қорғайтын
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің деректеріне сүйенсек, қазіргі кезде елімізде 4,1 млн оқушы оқитын 8 мыңнан астам мектеп
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2025 жылы Қазақстан экономикасы 6,5%-ға өскен. Алайда осы өсім халықтың тұрмысында
Бүгін, 20 қаңтарда Қызылорда қаласында Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен
Фото: istockphoto.com Заңға қол қойылған сәттен бастап 60 күн өтті және белгіленген рәсімдерге сәйкес, 18 қаңтардан

Зарла Ғалым
(Ғалым Жайлыбай: «Беліңді бу, қаралы Қазақстан!»)
Зарла Ғалым, зарламай, нетесің сен,
Сұм, зұлымдар күледі кекесінмен.
Қаруы жоқ қарымның қияар едім,
Сол сұмдарың бір-бірлеп жетесінен!
Отқа оранды тамызда қоныс ұлы,
Қандай пәле, шайтаннан ол ұшынды?
Көрге сыймай жатыр-ау күңіреніп,
Мың Міржақып,
Махамбет,
Момышұлы!
Көрген майлы жұртымның пайдасын көп,
Алып берер есесін қайдасың кек?
Сен іздейсің, Жайлыбай, Дәутайұлын,
Мен зарланам, Маралтай, қайдасың деп!
Зарла Ғалым, зарыңды Ел естісін,
Өршеленген шоқ үрлеп жел естісін!
Басқа қайғы, түскенде белге салмақ,
Іздейді екен, Арысын, Ел Естісін!
Зарла Ғалым!!!
Бақытбек Бәмішұлы, 28.08.2021ж.