//

Жамбыл облысындағы жарылыс: 29 тамыз ұлттық аза тұту күні болып жарияланды, ал құрбан болғандардың саны 13-ке жетті

1706 рет қаралды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы жарылысқа байланысты 29 тамызды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Президент өзінің Твиттер парақшасында
«Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жанқиярлық көрсетті. Ерлеріміздің есімі ел жадында мәңгі сақталады», – деп жазды.
Қосымша ақпарат: «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес барлық мемлекеттік және әкімшілік ғимараттардағы туларды аза тұту мерзімі ішінде тутұғыр биіктігінің жартысына дейін түсіру қажет.
Сондай-ақ ойын – сауық іс-шаралары болмайды. Радио және телеарналар ойын-сауық бағдарламалар мен жарнамаларды таратуды тоқтатады. Мемлекеттік органдарының сайттары қайғылы жағдайға байланысты қара-ақ форматқа көшуі керек.

1991 жылдан бері қарай тәуелсіз Қазақстанның тарихында осымен он рет ұлттық аза тұту күні жарияланып отыр.

ШАХТАДАҒЫ ТРАГЕДИЯ

Бұл Қазақстан тарихындағы алғашқы қаралы күн. 2006  жылдың 20  қыркүйегінде Қарағанды облысындағы Ленин атындағы шахтада метан жарылды. Осының салдарынан шыққан өртті сөндіруге жұмылдырылған 41  кенші қаза болды. Жарылыс вентиляция құбырларын ауыстыру кезінде техникалық қауіпсіздікті сақтамағандықтан болған. Алты жұмысшы жауапқа тартылды.

МЕТАННЫҢ ЖАРЫЛУЫ 

30  шахтердың өмірін жалмаған бұл оқиға 2008  жылдың 11 қаңтарында Қарағанды облысының Абай қаласында болған еді.

Жарылыстың себебі ретінде шатырды ауыстыру кезінде технологияның бұзылуы аталады. Салдарынан өрт шығып, соңы жарылысқа ұласқан. Төтенше жағдайды тергеу барысында өндірістік қауіпсіздікке жауап беретін екі шенеунік жұмысынан қуылған. Қарағанды облысында үш күндік аза тұту жарияланды.

ҚЫЗЫЛАҒАШТАҒЫ СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ЖАРЫЛУЫ 

2010  жылдың 11 наурызында Қазақстанды жүр сілкіндірген тасқын Алматы облысы Ақсу ауданы Қызылағаш ауылында орын алды. Қайғылы оқиға салдарынан 45 адам қайтыс болды, оның – 11-і  бала.

16  наурызда жалпыұлттық аза күні жарияланды.

АРҚАНКЕРГЕНДЕГІ АТЫС 

2012 жылдың 5  маусымы Арқанкерген шекара бекетінде қайтыс болған 15 сарбаздың белгісіз өліміне орай азалы күн жарияланды.

28 мамырда 14 шекарашы мен орманшы қаза табады. Олардың өліміне кінәлі ретінде тірі қалған сарбаз Владислав Челах  айыпталып, өмір бойы түрмеге қамалды.

ШЫМКЕНТТЕГІ ҰШАҚ АПАТЫ 

2012 жылдың 25  желтоқсанында 27 адамы бар шекара қызметінің АН-72 ұшағы Шымкентке жақын маңда апатқа ұшырады. Барлық жолаушы қаза тапты. Президент 27 желтоқсанды ұлттық аза тұту күні деп жариялау туралы Өкім шығарды.

АЛМАТЫ МАҢЫНДАҒЫ ҰШАҚ АПАТЫ

Көкшетаудан Алматыға қарай бет алған Chellenger-200 жолаушылар ұшағы Алматы маңында апатқа ұшырап, 16 жолаушы және бес экипаж мүшесі қаза болды. 2013 жылдың 31 қаңтары ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

АҚТӨБЕДЕГІ ТЕРАКТ

2016 жылдың 5 маусымында Ақтөбе қаласындағы қару жарақ дүкені мен әскери бөлімге бір топ адам қарулы шабуыл жасайды. Террористер сегіз адамды атып өлтіреді, олардың үшеуі — әскери қызметкер.

2016 жылдың 9 маусымы Ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Bek Air ҰШАҒЫНЫҢ АПАТҚА ҰШЫРАУЫ 

2019 жылдың 27 желтоқсанында Bek Air  әуекомпаниясының №Z2100  рейсі таңғы сағат 07:22 (Fokker-100 ұшағы) Алматыдан Нұр-Сұлтанды бетке алады. Өкінішке қарай, ұшақ қажетті биіктікті ала алмай бетон қоршауға соғылады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев келесі күнді азалы күн деп жариялайды.

КОРОНАВИРУС ҚҰРБАНДАРЫНА ТАҒЗЫМ

2020 жылдың 13 шіддесі Қазақстандағы коронавирус құрбандарын еске алу үшін жалпыұлттық аза күні болып бекітілді.

ТАРАЗ ҚАЛАСЫ МАҢЫНДАҒЫ ОҚ-ДӘРІ ҚОЙМАСЫНДАҒЫ ЖАРЫЛЫС

26 тамызда, сағат 19.10-да Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Қайнар ауылында орналасқан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің No28349 әскери бөлімінің (инженерлік бригада) оқ-дәрі қоймасы жанды. Өрт соңы белгісіз заттардың жарылуына ұласты. Әзірге жеткен ресми мәліметтер бойынша 13 адам қайтыс болды, 90-нан астам адам зардап шеккен.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Арыс саңлағы – Солтікен

Алғашқы арыста 1975 жылы күз. Қытайдың Шыңжаң өлкелік балуандар командасына Алтай, Тарбағатай, Іле, Қашқар, Қотан, Ақсу,

“Мінбер” қорына 15 жыл!

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы 15 жыл бойы қазақ журналистерінің біліктілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келеді. Ұлы

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,