////

Журналист Мақпал Жұмабай мен Қымбат Досжан жаңа қызметке ауысты

1478 рет қаралды
Бүгін «Қазақстан» телерадиокорпорациясы басшылығының шешімімен журналист Мақпал Жұмабай «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Басқарма төрайымының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Мақпал Жұмабай телекорпорацияда 13 жылдан бері қызмет етуде. Ол «Qazaqstan телеарнасының Таңғы бағдарламалар бірлестігінің шеф-редакторы, «Balapan» телеарнасының шеф-редакторы, продюсері міндеттерін атқарды. 2018 жылдан бүгіні күнге дейін «Balapan» телеарнасының директоры қызметін атқарды.
Ал «Balapan» телеарнасының директоры болып  белгілі журналист, тележүргізуші Қымбат Досжан тағайындалды. Қымбат Досжанның Қазақ телевизиясында 40 жылға жуық тәжірибесі бар. «Qazaqstan» телеарнасы Жаңалықтар қызметінің продюсер-жүргізушісі, Қазақ радиосының Бас редакторы, Қазақ радиосының жүргізушісі  міндеттерін атқарды. Қазіргі таңда «Qazaqstan» телеарнасындағы «Қымбат жандар» авторлық әлеуметтік бағдарламасының жүргізушісі.
«Телерадиокорпорация салада, оның ішінде, Корпорация құрамындағы теле және радиоарналарда ұзақ уақыттан бері қажырлы еңбек етіп келе жатқан мамандарға үнемі басымдық береді. Бүгінгі тағайындаулар да осы ұстаным бойынша жүзеге асып отыр», – деді басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар