Психолог: “Кальмар ойыны” жасөспірімдердің ойын елең еткізіп жатыр

1198 рет қаралды
Фото: adyrna.kz

17 қыркүйекте әлемдік Netflix компаниясы “Кальмар ойыны” атты сериалын көпшілік көрерменге ұсынды. 9 бөлімнен тұратын туындының тұсаукесерінен кейін  Netflix үздік ондықта көш бастады.”Кальмар ойындарын” көрген киномандар оны әйгілі “Аштар ойыны” және “Биллді өлтіру” фильмдеріне ұқсатып жатыр. Туынды өзінің  ерекшелігімен тәнті етіп, тик-ток, инстаграм әлеуметтік желілерінде жаңа трендтер пайда болуына себеп болды.

«Балалық шақпен астатасатын ойындар тобы барлық аймақта кездеседі. Тіпті кей мемлекеттердің балаларға арналған ойындары бір-біріне ұқсап жатады. Командалық ойын болсын, жеке ойын болсын жеңілгені ойыннан шығады. Автор дәл осы идеяны негізге ала отырып, ересектерге арналған балалар ойынын ұйымдастырады. Баланы қатыгездікке тәрбиелейтін фильмды жас балаға көрсету дұрыс емес.  Ештеңенің байыбына барып көрмеген жас буын көзімен көрген дүниені дұрыс деп қабылдайды. Әсіресе ойын десе, ойы елең ете қалатын жасөспірімнің жамандыққа әуес екені белгілі. мектеп қабырғасында жүрген балаға тіптен болмайды. Иә, соңы жақсы аяқталғанымен, жақсылыққа жету үшін қатыгездіктен өтуді ұсыну дұрыс емес. Үлкен адамның өзі есеңгіреп қалады, баланың күйін ойлау мүлдем қорқынышты.» – дейді балалар психологы Ақгүл Нұрбек.

«Кальмар ойыны» телехикаясы балалар психикасы үшін аса қауіпті. Ұлыбритания ұстаздары ата-аналарға осындай ескерту хат жіберді дейді 24.kz . Өйткені киноны бастауыш сынып оқушылары көріп ғана қоймай, ондағы ойындарды мектепте қайталап жүр екен.  «Телехикая желісі бойынша ойыннан жеңілген қатысушылар өлтіріледі. Ал балалар шын өмірде сол кейіпкерлерге еліктегісі келеді. Мұндай қатыгездік біздің құндылықтарымызға қайшы. Сериалды балаңызға көрсетпеңіз, зорлық-зомбылық насихаттайтын контенттен аулақ ұстаңыз» делінген хатта. Ұстаздар, сондай-ақ ересектерді интернеттен төнген қауіпке бірге қарсы тұруға шақырды. Алдағы уақытта ғаламтордан келген қажетсіз ақпаратқа қалай төтеп беру керектігін үйрететін семинарлар өткізу жоспарланып отыр. Джон Джолли, Ұлыбритания ата-аналары комитетінің бас директоры: – Ересектерге арналған телехикаяларды балаларға көрсетпеу керек. Ата-аналардың бұған өте мұқият болғаны абзал. Бұл тек атышулы дорамаға ғана емес, қатыгездік пен анайылықты насихаттайтын бүкіл контентке қатысты айтылған әңгіме.

Фильмнің сюжеті жайлы ресми сайтта «қаржы жағдайымен мәселесі бар 456 адам тірі қалу үшін құпия ойынға қатысуға шақырту алады. Жеңімпаз 45,6 млрд вон (38,5 млн АҚШ доллары) алады. Алайда ойынға тігілер бәс қауіпті» делінген.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі