/

Қазақстан делегациясы Кабул қаласында Ауғаныстанның қазіргі әкімшілік өкілдерімен кездесті

688 рет қаралды
Фото: Akorda.kz

Биылғы 17 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан бастаған қазақстандық делегация  Кабул қаласына жұмыс сапарымен барды деп хабарлайды Ақорда .

Сапар аясында Арнаулы өкіл Ержан Қазыхан Ауғанстанның қазіргі әкімшілігінің өкілдері Абдул Ғани Барадармен және Амир Хан Мутаккимен кездесулер өткізді.

Кездесулер барысында Қазақстанның ауған халқына көрсетіп жатқан гуманитарлық көмегі мен сауда-экономикалық байланыстарды қалпына келтіру мәселелері талқыланды.

Еліміздің делегациясының басшысы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен Ауғанстанға гуманитарлық көмек ретінде 5 мың тонна ұн жеткізілгенін атап өтті. Сондай-ақ Ержан Қазыхан Қазақстанның ауған тарапына отандық QazVac  вакцинасын беру туралы ұсынысын жеткізді.

Арнаулы өкіл Қазақстанның БҰҰ агенттіктерімен бірлесіп, Ауғанстан халқына жеткізілетін гуманитарлық көмекті одан әрі кеңейту мақсатында қабылдап жатқан шаралары туралы  айтты.

Ауған тарапы көрсетілген гуманитарлық көмек үшін алғыс білдіріп, Ауғанстанды қалпына келтіру жөніндегі халықаралық күш-жігерге еліміздің елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті.

Тараптар дәстүрлі сауда-экономикалық байланыстарды қалпына келтіруге және ауған студенттері үшін Қазақстанда білім беру бағдарламаларын жалғастыруға қызығушылық танытты. Ауған тарапы қазақстандық вакцинаны жеткізу туралы ұсынысты да зор ықыласпен қабылдады.

Сонымен қатар Ержан Қазыхан БҰҰ Бас хатшысының Арнаулы өкілі, БҰҰ-ның Ауғанстанға жәрдем беру жөніндегі миссиясының басшысы Дебора Лайонспен кездесті. Кездесуде осы елдегі гуманитарлық және азық-түлік дағдарысын еңсеруде Қазақстан мен БҰҰ-ның өзара ынтымақтастығын кеңейту мәселелері қарастырылды.

Ауған тарапы көрсетілген гуманитарлық көмек үшін алғыс білдіріп, Ауғанстанды қалпына келтіру жөніндегі халықаралық күш-жігерге еліміздің елеулі үлес осынітіта.

Тараптар дәстүрлі сауда-экономикалық байланыстарды қалпына келтіруге және ауған студенттері үшін Қазақстанда білім беру бағдарламаларынғастыруға қыушылық танытты. Ауған тарапы қазақстандық вакцинаны жеткізу туралы ұсынысты да зор ықыласпен қабылдады. Сонымен қатар Ержан Қазыхан БҰҰ Бас хатшысының Арнаулы өкілі, БҰҰ-ның Ауғанстанға жәрдем беру жөніндегі миссиясының басысы Дебора Лайонспен кездесті. Кездесуде осы елдегі гуманитарлық және азық-түлік дағдарысын еңсеруде Қазақстан мен БҰҰ-ның өзара ынтымақтастығын кеңейту мәселелері қарастырылды.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері