///

Мамин журналистерге мәртебе беру туралы сауалға жауап берді

2604 рет қаралды

Үкімет басшысының айтуынша Қазақстанда «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң бар. Ол бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. Ал оны қайталайтын қосымша жеке заң жобасын әзірлеуге қажеттілік жоқ, деп хабарлайды ulysmedia.kz порталы.

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және журналистердің еркін кәсіби қызметіне кепілдік береді. Аталған заңда журналистердің құқықтары мен міндеттері, журналистерді аккредиттеу тәртібі және журналистер қызметіне байланысты басқа да мәселелері, сонымен қатар, шетелдік БАҚ өкілдіктері мен олардың журналистерін аккредиттеу қағидаларын  реттеу тетігі белгіленген. Осыған байланысты, қолданыстағы заңнама журналистердің қызметін толық реттейтін болғандықтан, бұл салаға қатысты оны қайталайтын қосымша жеке заң жобасын әзірлеуге қажеттілік жоқ деп санаймыз», – деді Асқар Мамин депутаттың сауалына.

Мамин сондай-ақ бұқаралық ақпарат саласындағы заңнаманы кеңейту барысында блогерлердің қызметін реттеу туралы ұсыныс ескерілетінін мәлім етті.

Еске сала кетсек осыдан бір ай бұрын парламент сенатының отырысында депутат Нұртөре Жүсіп журналист мәртебесі туралы арнайы заң қабылдауды ұсынып, премьер-министрдің атына депутаттық сауал жолдаған болатын. Оның айтуынша БАҚ туралы заңның 20 бабындағы 10 құқығы мен 21 бабындағы 5 міндеті ғана жазылған.

«Еңбек кодексінде мәртебе жөнінде бір ауыз сөз, тіпті журналистердің еңбек ету құқықтары деген бөлім де жоқ», – деді депутат.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі