Қоғам белсендісі: бақа сияқты баласын жұтып, шаян сияқты жақынын кемірген заман

964 рет қаралды

Алматы қаласында үш баласымен көпқабатты үйдің 9-қабатынан секіріп кеткен әйелдің жантүршігерлік әрекетінің себебіне қатысты дерек бар. Бұл Алматы қалалық Полиция Департаментінің мәліметінде белгілі болды.

“Бұл отбасылық-тұрмыстық қатынастар негізінде жұбайымен болған жанжал. Өлім алдындағы жазған хаты бар. Басқа да мән-жай анықталуда”, – делінген полиция хабарламасында.

Мінбер сайтының тілшісі жантүршігерлік оқиға жайлы қоғам белсенділерімен сұхбаттасты.

” Қанша жерден ер адам қол көтерсін, қанша жерден азуын батырсын, баланы өлтіруге бару ол әйелдің кешірілмес қателігі. Бұрындары аналарымыз не көрмеді? Бәріне шыдады. Соғыс та өтті, ашаршылық та өтті бастарынан. Перзенті үшін сынған емес. Қазіргі қыздар кесте тікпейді, кесте тіксе шыдамдылық пен сабырлықты бойына сіңіріп шығар еді. Міне ажырасу, шыдамау, жанжалдасу бәрі осыдан бастау алады. Бірде Абылай хан түсінде ұрпағының бақа-шаянға айналғанын көріпті, бірден аузы дуалы Бұқар жырауға жорытқан екен. “Ұрпағың ұсақталып барады, бақа сияқты баласын жұтып, шаян сияқты жақынын кеміреді” деген екен. Айтқаны дәл келді, сынақтарға шыдамай ұрпағын жұтқан аналар көбейді”, дейді тәуелсіз журналист Дастанбек Садық.

” Әйел бұл жағдайға жылдар бойы жиналған күйзелістен келген. Ол анада қорқыныш болған. Өзін ешкімге керек емес сезінген ана, балаларым да ешкімге керек емес деп ойлаған. Сондықтан бірге алып кетуді шешкен. Өмірде түрлі жағдай болады, демек ол әйелдің көрген жәбірі өзінен биік болып тұр. Мен қаншама әйелді білем, “балам менен басқа ешкімге керек емес, ертең мен өлсем бұлар тентіреп қалады” деп өмір сүретін. Бұл нәзік психологияға соққы болып тиетін қорытынды.” дейді психолог Гүлнұр Декембаева.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері