/

Жамбыл облысы: 200 шақырым жерді 10 сағатта жүріп өттік

990 рет қаралды
Фото: ernur.kz

Бүгін табиғат қазақ еліне өзінің тосын мінезін көрсетіп жатыр. Десек те кешелі бері 112 номерінен ескерту хабарламасы келіп жатыр. Дауылдың күшіне төтеп бере алмай жатқан Жамбыл облысы тұрғындарының видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Оған дәлел @onlinetaraz @taraz_life инстаграм парақшаларында жарияланған видео, суреттер.

“Біз Сарағаш қаласынан таңғы 8-де Алматы қаласына қарай бет алдық. Қарлы бұрқасын, дауыл, тұман екенін естіп, біліп жүргенбіз. Бірақ шұғыл жүру керек болды. Тараз қаласына әрең жеттік. Қонақ үйде тоқтаймыз, себебі жүру мүмкін емес. Қарнымыз ашып, жыларман халдеміз. 200 шақырым жерді 10 сағатта жүріп  өттік. Полиция қызметкерлері ескертті, артқа қайтуымызды сұрады. Тыңдамадық. Қарлы бұрқасынның құрсауында қалдық”- дейді Шеризат Төлегенқызы.

“Жамбыл облысында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жетуіне байланысты көлік жүргізу қауіпті. Өте сақ және абай болыңыздар! “, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Естеріңізге сала кетейік,бұған дейін Қазгидромет Жамбыл облысындағы ауа-райына байланысты дабылды ескерту жасаған болатын.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар