“АрселорМиттал Теміртау” компаниясына тиесілі шахта жұмысын тоқтата ма?

851 рет қаралды
Фото: sd-astana.kz
Фото: sd-astana.kz

Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің Қарағанды ​​облысындағы департаменті Күзембаев атындағы шахтадағы жұмысты тоқтатуды талап етті деп хабарлайды Азаттық. Күзембаев шахтасы – Қарағандыда миллиардер Митталға тиесілі сегіз шахтаның бірі.

“АрселорМиттал Теміртау” компаниясының Саран қаласында орнаментыласқан шахтадағы жұмысты тоқтату жөніндегі шағымды бейсенбі күні Қарағандыдағы ауданаралық экономикалық сот қарай бастады. Арызданушы шахтада анықталған олқылықтар жұмысшылар өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді деп есептейді.

– Жұмысты неге тоқтату керек деп сұраймыз? Шахта апатты жағдайда, ндіріс қауіпсіздігі талаптарына сай емес, – деді ТЖМ департаментінің өкілі.

Олқылықтар тексеру кезінде анықталған, шахта басылығына уақыт берілгеніне қарамастан, оларды осы күнге дейін ешкім жөндемеген. Күзембаев шахтасындағы жұмысты тоқтату жөніндегі құжат қазанның соңында тапсырылған, ал 7 қарашада оның қасындағы “Абай” шахтасында апат болып, алты кенші қаза тапты. Мұнда да апатқа дейін олқылықтар бары анықталған.

Компания соттан толық тексеруге уақыт беруін, соттың келесі отырысын бірнеше күннен кейін өткізуін сұрады. Сот отырысты 14 желтоқсанға белгіледі.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі