/////

Бақытбек Бәмішұлы: Британия күнделігі

2002 рет қаралды
1

КӨМІП ТАСТАҒАН ТЕМІР ЖОЛДАР

Тобымыз темір жолды кесіп өтетін жаяуларға арналған жол үстінде үйіріліп күтіп тұр екен. Қарасаң жүзің көрінердей үстіңгі беті ай жарығы астындағы ақ жыландай жарқырап, алыс-алыс қиырларға созылып жатқан өмір сызығы, бір емес-ау, өмірдің қос сызығы әрине ыстық көрінеді.

Өйткені мен, ХХ ғасырлық Советтер Одағының Ленинград қаласындағы Темір жолдар институтын бітірдім; Еңбек жолымды Моңғолияның қиыр шығысындағы Шыңғысханның қайын жұрты көне қоңыраттың күл төккен мекені Бұйра көлдің (Буйр нуур) бүйіріндегі Баянтүмен (Баянтүмэн) темір жолынан бастадым; Құбының құба құмының (Гови) жиегін жөрмеп өтетін, Ұланбатыр мен Бейжінді қосатын Сайншанд дистанциясында жалғастырдым; Ұланбатыр Темір жолы басқармасында тұрып, Алматы темір жолында 20 жыл, кейінгі 10 жылда Алматы метрополитенінде қызмет атқарған адаммын ғой. Сондықтан да темір жол туғанымдай жақын, ғұмыр жолымның үлкен бір парасы.

Ендеше қырық жыл темір жол саласында қызмет істеп, қырық жыл темір жолдың иісі мен майын бойына сіңірген, қырық жыл «темір кеміріп» содан нәпақасын тауып жеп қоректенген адам үшін бауыр басқан қызмет орының ең жақын қимасың, отбасыңдай болып кететіні сөзсіз емес пе. Темір жол десе елең етіп, құлақ түріп тұрамын.

Міне қызық, Юкей даласында керіліп жатқан темір жол рельстерін табаныммен басып тұрып Алматы көшелерін бойлаған темір жолды есіме түсірдім. Алматының ұзын даңғылдары Төлеби, Шальяпина, Мақатаев бойымен жүріп, Қалқаман шағын ауданына жететін экологиялық өте таза трамвай жолы бар еді. Соның не жазығы барын білмедік, аяқ астынан жоқ жерден сылтау, себеп тауып жұлғанын жұлып, қалғанын 2021 жылы тамыз айында пәленпай километр, пәленпай тонна рельстерді сол жатқан жерінде көміп, үстін асфальтпен бастырып тастағанда ішім удай ашыған еді. Таңғаларлығы соны істетіп жатқандар да, істеп жатқандар да мәз. Теміртау қаласында табан ет, маңдай терді төгіп, қыруар қаржымен тас ерітіп, темір балқытып жатырмыз. Ал мұнда дайын өнімді әлде кімнің құны бардай көзден тас қылып, көміп тастадық.

(жалғасы бар)

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Беку Зейнолда
    Жол түсіп Шардараға барып едім Қазақстаннан Ташкентке баратын ұсталмайтын кек алғыштар /Баригдашгүй өшөө авагч/киносын ойнаған темір жолды бытшытын шығарып тонап кеткенін көріп ішім ашып еді.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері