БЖЗҚ: “Рекордтық көрсеткіш” 3 желтоқсанда 16 000 өтініш келіп түскен

898 рет қаралды
Фото: qazaquni.kz
Фото: qazaquni.kz

“Бүгінгі күні enpf-otbasy.кz платформасының 43 744 қолданушысы өз өтініштері бойынша БЖЗҚ-нан Отбасы банктегі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) арнайы шоттарына жалпы көлемі 242 млрд теңге қаражаттың түсуін тосып отыр. Жұма күні, 3 желтоқсанның өзінде, біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға ниет білдірген қазақстандықтардан 16 000 өтініш келіп түсті. Бұл жыл басынан бері БЗТ-ін тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделу мақсаттарына алу мүмкіндігі туындаған уақыттан бастап, жолданған өтініштер көлемі бойынша рекордтық көрсеткіш”  деп хабарлайды “Отбасы банк” тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ-ның”-баспасөз қызметі.

Осы орайда қалыпты күндері платформа арқылы 2 200 жуық өтініш қабылданатынын айтады. Және сұраныс артса да портал еш кедергісіз істеп тұр.

Қазақстандықтар тұрғын үйді толық сатып алу, ЕДБ-дегі және Отбасы банкіндегі ипотеканы ішінара төлеу мақсаттарын жиі таңдауда. Сондай-ақ зейнетақы қаражатының бір бөлігін туысқандарына аудару қызметі сұранысқа ие. Желтоқсан айының соңына дейін оның көмегімен әр жас бойынша 2021 жылғы белгіленген жеткіліктілік шегі көрсеткіштері бойынша БЗТ-ін қолдануға болады. Қордағы қаражат Отбасы банкіндегі арнайы ағымдағы шотқа аударылғаннан кейін, оларды қолдануға 45 жұмыс күні беріледі. Осы уақыт аралығында БЗТ қолдану мақсатын таңдап/растап немесе өзгертіп үлгеруге болады,- делінген хабарламада.

3 желтоқсандағы мәлімет бойынша, бұл мүмкіндікті 338 499 адам (жалпы көлемі 1,68 триллион теңге) қолданып үлгерді. Оның ішінде, ипотекаға жүгінбей тұрғын үй алған (171 598 адам). Біржолғы зейнетақы төлемдерін қолдану бойыншаЕлордамыз, Маңғыстау облысы және мегаплоис Алматы қаласы  көш бастап тұр. Ал Солтүстік-Қазақстан облысының тұрғындары аса белсенді емес. БЗТ-ін “Отбасы банкінде” ипотекалық тұрғын үй заемын алу үшін бастапқы жарна ретінде қазақстандықтардың 83 пайызы екінші нарықтан тұрғын үй таңдааған. Қалған 17 пайызы алғашқы нарықтан тұрғын үй алуды жөн көрген.

51 884 қазақстандық (жалпы көлемі 51,9 млрд теңге) зейнетақы қорындағы қаражатының бір бөлігін емделуге жұмсаған. БЗТ қолданған азаматтарымыздың орта жасы – 41. Гендер бойынша 68% ер кісілер.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі