///

Көмір неге тапшы?

2247 рет қаралды
фото: Өскен өңір газеті

Көмір өндіру бойынша әлемнің 10 елінің қатарындағы елімізде, халық тұрмыстық көмір тапшылығын көріп отыр. Көмір кенінің басында тоннасы 5-6 мың тг ден сатылып жатқан көмірді, өзге аймақтарда 25-30 мыңға дейін бағасын шарықтатып сатуда. Ал Алматы маңындағы көмір базаларын күні – түні күзеткен тұрғындар, көмірге әуре сарсаңмен қол жеткізіп жатқанын айтуда. Халық наразылығын тудырған бұл мәселені, Алматы облыстық әкімшілігінен сұрап көрген едік: 

Алматы облысының әкімдігінің Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасындағы (МО ИРБП) «Онлайн-қабылдау» сервисінің Сұрақ қою» кіші бөліміне келіп түскен қатты отынға қатысты мәселені қарастырып, келесіні хабарлайды.Талғар аудан бойынша 2021-2022 жылдардағы жылыту маусымына халыққа қатты отынның (көмір) қажеттілігі 82 000 тоннаға жеткен. Бүгінгі күнге 66 230 тонна немесе 81%-ы сатылды. Ауданда теміржол қатынасы жоқ. Халыққа көмір сатумен 3 қойма айналысады («Шамалған көмір» ЖШС, «Нұрбек» ЖК, «Гасанов» ЖК). Талғар ауданы Алматы агломерациясына кіретін аудандардың бірі. Көмір жақын маңдағы жеткілікті көлемде теміржол тұйықтарымен қамтылған Қарасай және Іле аудандарынан жеткізіледі. Қарасай ауданына қарасты Шамалған бекетінде көмір сатумен 10 тұйық («Автокөлік» ЖШС, «Арсен» ЖК, «Әлем Көмір» ЖШС, «Алия» ЖК, «Калиев» ЖК, «Баккард» ЖК, «Пулат Көмір» ЖШС, «Шамалған Көмір» ЖШС, «Транссервис АР» ЖШС, «Көмір Энерго» ЖШС) айналысады. Желтоқсан айына көмір жеткізу жоспары 587 вагон немесе 40 503 тонна, бүгінгі күнге жеткізілгені 110 вагон немесе 7 590 тонна. Көмірдің орташа бағасы 14 000 – 15 000 теңгені құрайды. Ағымдағы жылдың 07 желтоқсандағы жағдайы бойынша 109 вагон немесе 7 521 тонна көмір жолда .Іле ауданында көмір сатумен 7 тұйық («Бурый» ЖК, «Утеуова Ажибаева» ЖК, «Раимова» ЖК, «Росул» ЖК, «Энергопром» ЖК, «Дьячков» ЖК, «АлатауТрейд ЛТД» ЖШС) жұмыс атқарады. Желтоқсан айына көмір жеткізу жоспары 498 вагон немесе 34 362 тонна, бүгінгі күнге жеткізілгені 77 вагон немесе 5 513 тонна. Көмірдің орташа бағасы 14 000 – 17 000 теңге. Ағымдағы жылдың 07 желтоқсандағы жағдайы бойынша 44 вагон немесе 3 036 тонна көмір жолда. Көмір тапшылығын болдырмау мақсатында көмірді жеткізу жоспарлары жасалды. Күн сайын «ҚТЖ – Жүк тасымалдары» Алматы жүк тасымалдары бөлімшесі» АҚ-мен бірлесіп көмір разъездерінен көмірді тиеуге және олардың тұйықтарда болуына мониторинг жүргізіледі. Тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, темір жол қатынасы жоқ аудандарға автокөліктермен көмір жеткізу ұйымдастырылды. Көмір бағасының негізсіз көтерілуіне жол бермеуге ерекше көңіл бөлінеді.

Әлия Әбілсейітқызы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі