/

Pfizer және Ревакцинация. Өңірлердегі ахуал қандай?

900 рет қаралды

Қараша айынан бастап елімізде Pfizer вакцинасымен қатар, ревакцинация басталды. Иә, ревакцинация дегеніміз коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасын салдыру немесе қайта вакцинациялау. Жалпы қос екпе мәселесі өңірлерде қалай жүріп жатқанын білу үшін Алматы облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысына хабарласып көрдік.

” Алматы облысына 380 250 доза Комирнати (Пфайзер) вакцинасы келді. Бұл жасөспірімдерге, бала емізетін аналарға және жүктілік кезіндегі әйел адамдарға арналған.
Алматы облысында жалпы 225 810 адам Комирнатимен вакцинациялауға жатады. Оның ішінде 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер – 147 000, жүкті әйелдер – 34 510, лактация кезеңіндегі әйелдер – 44 300.
Бүгінгі таңда Комирнати вакцинасының бірінші компонентін 33 295 адам алды, оның ішінде 12 – ден 17 жасқа дейінгі 26 369 жасөспірім, лактация кезіндегі 4830 әйел және жүктілік кезіндегі 2096 адам бар.
Вакцинаның екінші компонентін 3521 адам алды. Олардың ішінде 2872 жасөспірім, лактация кезінде 506 әйел және 143 жүкті әйел.”

Pfaizer вакцинасы бойынша ресми ақпарат берген маманнан Ревакцинация бойынша да ақпарат беруін өтіндік.

“Ағымдағы жылдың 22 қарашасынан бастап Алматы облысының аумағында халықты коронавирустық инфекциядан ревакцинациялау курсы басталды. Қазіргі уақытта аймақтардың тұрғындары үшін “QazVac” және “Sinopharm” (Vero Cell) сияқты белсенділігі жойылған вакциналар қолжетімді. Бүгінгі таңда облыста КВИ-ға қарсы иммундық жүйені 35 558 адам нығайтты.” дейді Алматы облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Арыс саңлағы – Солтікен

Алғашқы арыста 1975 жылы күз. Қытайдың Шыңжаң өлкелік балуандар командасына Алтай, Тарбағатай, Іле, Қашқар, Қотан, Ақсу,

“Мінбер” қорына 15 жыл!

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы 15 жыл бойы қазақ журналистерінің біліктілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келеді. Ұлы

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,