“Pfizer”. Екпе алушылар қаншалықты қамтылып жатыр?

834 рет қаралды
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Елімізге батпандап келген коронавирус инфекциясына қарсы “Pfizer” екпесі   жасөспірімдерге, жүкті әйелдер мен емізетін аналарға бағытталды. Жалпы жасөспірімдер қаншалықты қамтылып жатыр? Ата-аналары дайын ба? Жүкіт нәзік жандылардың ахуалы ше?

” Менің ұлым бүгін вакцина алды. Мектепте салып жатыр екен. Ыстығы көтеріліп, басы ауырған жоқ. Мен анасы ретінде өз келісімімді бердім. Себебі өзім де вакцина алған едім, саулық сақтықта.” дейді Әсемгүл ана.

“Менің кішкентайым әлі 6 айлық. Мен вакцина алуға дайын емеспін, вакцина тұрмақ артық жеміс, көкөніс жемеймін, іші өте ма деп қорқамын.” дейді Жадыра Асқарқызы.

“Менің қызымның емізулі баласы бар. Вакцина салып жатқанын естіп, барып екпе алғысы келіп жүр. Өзім вакцина алғандықтан талай сырқатты жеңіл өткіздім. Қызыма да үнемі соны айтамын.” дейді Бейбіткүл Төлегенқызы.

Жалпы аймақтарда екпе салу жағдайы қалай жүріп жатқанын білу үшін, Алматы облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысына хабарласып көрдік.

“Талдықорған қаласына 11 қарашада 16-дан 37 аптаға дейінгі жүктілік кезінде, жасөспірімдер мен босанғаннан кейінгі 42 күннен бастап бала емізетін аналар үшін 46 800 доза мөлшерінде Комирнати (Pfizer) вакцинасының бірінші партиясы әкелінді. Бүгінгі күні Комирнати вакцинасының бірінші компонентін 12 мен 18 жас аралығындағы 4617 жасөспірім алды, сондай-ақ ересек топтан лактация кезеңіндегі 762 әйел және жүктілік кезінде 236 әйел алды.” дейді баспасөз хатшысы.

Шаһардың вакцинаға алғаш болып ат салысатыны мәлім. Ал аудандардағы ахуал қандай?

“Бүгінгі күнге Панфилов ауданы бойынша «Комирнати» (Пфайзер АҚШ) вакцинасымен егілуге 12-18 жас аралығында 6000 баланы, жүкті әйелдерден (16-37 апта аралығында) 150 және лактация кезеңіндегі 150 әйел жоспарда тұр. Жасөспірімдердің ата анасынан немесе заңды өкілінен жазбаша келісім алынған кейін ғана вакцина жұмыстары жүргізілетінін естен шығармаған жөн.
Желтоқсан айының 2-сіне дейін ауданға облыстық қоймадан 40 флакон (240 доза) келді. Бүгінгі күнге дейін 172 жасөспірім вакцинаның бірінші дозасын алды, олардың жас ерекшелігімен жіктесек: 16-17 жастағы жасөспірімдер 96, ал 14-15 жастағылар – 58 , 12-13 жаста- 18-і егілді. Екпе алған балалардың арасында жағымсыз әсерлер байқалған жоқ. Екпе егу жұмыстарына арнайы семинар сабағын өткен, аттестация тапсырған, рұқсат қағазы бар білікті мамандар жұмылдырылған.
Егілген жасөспірім 30 минут екпе алған мекемеде бақыланды және 3 күн бойы үйінде медициналық бақылау жүргізілді. Қазіргі кезде ата аналары келісім берген жасөспірімдер саны- күннен күнге өсіп келеді.
Ауданда санитариялық талаптарға сай 76 егу пункттері бар, оның 41-і медициналық ұйымдарда, 35-і мектептерде.” дейді баспасөз хатшысы.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар