Қанат Бозымбаев: “Әкесіндей адамға қол көтеру, тас ату, ордасын ойрандап, шаңырағын ортасына түсіру – халқымызға жат қылық”

524 рет қаралды
lada.kz
lada.kz

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Жетісу жұртына үндеу жасады. Өңір басшысының үндеуі облыстық “Жетісу”  телеарнасында көрсетілді.

“Қаңтардың алғашқы күндері бәрімізге оңай тиген жоқ. Қиын кезеңді бастан өткіздік. Осындай сын сағатта сабыр сақтап, бірлігі мен тұтастығын көрсете білген сіздерге алғыс білдіремін”,-деп сөзін бастады аймақ басшысы.

Бозымбаев жазықсыз жапа шеккен отбасыларға көмек көрсетілетінін атап өтті. Және ішкі істер қызметкерлеріне, әскерилерге, халық жасақтарына алғыс білдірді. Облыс бойынша зардап шеккен бизнес нысандарының иелері жайлы да сөз қозғады. Ел Президентінің үндеуі мен жүктеген тапсырмаларына тоқталып өткен өңір басшысы, қорытынды сөзінде облыс жастарының дөрекі әрекеттері мен ерсі қылықтарына тоқталды.

“Қаланы қиратып-тонаған, сауда орындарын талан-таражға салған, бұзақылық жасағандар аспаннан түскен жоқ. Басым көпшілігі — өзіміздің ортамызда, ауылда өскен 20 мен 30-дың арасындағы жастар. Мен 4 қаңтарда алаңда митингіге жиналған қауыммен кездесуге шыққанымда талай нәрсеге көз жеткіздім.  Жастардың тәрбиесінде қандай кемшілік жібердік деген ой мені қатты мазалады. Мұның бірнеше себептерін көріп отырмын.
Бірінші, отбасындағы адамгершілік-рухани тәрбиенің жетіспеушілігі деп ойлаймын. Жасы үлкенге құрмет көрсету, сөз тыңдау, ақ пен қараны, дос пен дұшпанды ажырата білу бала жастан қалыптасуы керек. Әкесіндей адамға қол көтеру, тас ату, ордасын ойрандап, шаңырағын ортасына түсіру – халқымызға жат қылық”, деді облыс басшысы.

Сөз соңында Қанат Бозымбаев халықты бірлік пен берекеге шақырды.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар