//

Ерлан Қарин: Біздің арнайы қызметкерлер еліміздің ішінде әрекет еткен бірқатар радикалды және экстремистік ұйымдар мүшелерінің қақтығыстарға қатысу фактілерін анықтады

815 рет қаралды
bugin.kz

Қазақстандағы арнайы қызметкерлер елдегі тәртіпсіздіктерге радикалды және экстремистік ұйымдардың мүшелерінің қатысы барын анықтады. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының эфирінде ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин айтты

Қариннің айтуынша, 20 желтоқсанда Қазақстан аумағына бір топ шетелдік азаматтардың келуі тіркеліп, олар 7-8 қаңтарда елден шықпақ болған.

«Сонымен қатар біздің арнайы қызметкерлер еліміздің ішінде әрекет еткен бірқатар радикалды және экстремистік ұйымдар мүшелерінің қақтығыстарға қатысу фактілерін анықтады.

Шетелдік террористік ұйымдардағы қазақстандық радикалдар бұл оқиғаларды пайдаланып, жаңа шабуылдар жасады. Біздің арнайы қызмет бұл әрекеттерді дер кезінде басып үлгерді», – дейді Қарин.

Президенттің кеңесшісінің айтуынша, елдегі тәртіпсіздікті сот экстремистік деп таныған ұйымдардың бірі ұйымдастырған болып шықты.

«Сот экстремистік ұйым деп таныған ұйымдардың бірі осы тәртіпсіздіктерді, атап айтқанда, әкімшілік ғимараттарды басып алуды жүзеге асырған», – деді ол.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі