//

Қуат Найман: Мені заңсыз ұстады

1085 рет қаралды
фото: Азаттық руды

ММА күресшісі Қуат Хамитов Алматыдағы бейбіт митингке шыққанын хабарлап, Instagram парақшасында бейнеролик жариялады.
Бейнероликтер Жаңаөзендіктерді қолдап, өз талаптарын айтуға шыққанын айтады.

“Әрине, қақтығыссыз, даулы сәттер болмады емес, болды. Бірде-бір полиция қызметкеріне, бейбіт тұрғынға қол ұшымды тигізбедім. Бәрі бейбіт өтті, содан соң ақсақал бата беріп, біз де тарадық”, – дейді спортшы.

Қала сыртына болған күндері байланыс болмағанын айтқан спортшыны ҰҚК қызметкерлері танысы арқылы қоңырау шалып, полиция департаментіне келуге шақырған.

Арада біраз уақыт өтіп Қуат өзінің үйіне қайтқан.

“Жуынып, киініп алғым келді. Бірақ дәл осы кезде ОМОН қызметкерлері басып кірді”, – дейді күрескер.

Қуаттың айтуынша, оны полиция бөлімінде негізсіз ұстаған. Сонымен қоса, үйіне баса көктеп кіргендер әкесін соққы астына алған.

Одан кейін Қуатты полиция бөліміне алып келіп, сол жерде ұрып, аш ұстаған. Содан соң оны босатқан.

Хамитов спорттық мансабын аяқтауды шешкенін хабарлады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар