ҰҚК: 14 өңірде террористік қауіптің қызыл деңгейі алынды

169 рет қаралды
Фото: tass.ru
Фото: tass.ru

Ұлттық қауіпсіздік комитеті еліміздің  14 өңірінде  лаңкестік қауіп деңгейі төмендеуіне байланысты  террористік қауіптің қызыл деңгейін алып тастады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

“Ағымдағы кезеңде Қазақстан Республикасының 14 өңірінде жағдай тұрақталды. Осы себепті терроризмге қарсы күрес жөніндегі Республикалық жедел штаб (бұдан әрі-РЖШ) Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының аумақтарында терроризмге қарсы операцияның аяқталғанын және террористік қауіптің шекті «қызыл» деңгейінің жойылғаны туралы хабарлайды.

Бұл ретте, Алматы қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында жаппай тәртіпсіздік кезінде террористік және өзге де қылмыстық әрекетке қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша шаралар іске асырылуда.

Тиісінше аталған өңірлерде терроризмге қарсы операция жалғастырылып, террористік қауіптіліктің шекті «қызыл» деңгейі сақталуда.

Шешімді РЖШ басшысы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы «Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» № 611 жарлығының талаптарына сәйкес қабылдады.” дейді баспасөз қызметі.

 

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Мәжіліс Тұңғыш Президенттің ҚХА мен Қауіпсіздік Кеңесіндегі өмір бойғы төрағалығын алып тастау туралы Конституциялық заңдарға өзгерту енгізіп, Сенатқа жіберді

“Мемлекет басшысының Парламенттегі соңғы сөзі шын мәнінде революциялық болды. Енді Парламент пен Үкімет оның барлық уәделерін

Ерлан Қарин: Біздің арнайы қызметкерлер еліміздің ішінде әрекет еткен бірқатар радикалды және экстремистік ұйымдар мүшелерінің қақтығыстарға қатысу фактілерін анықтады

  Қазақстандағы арнайы қызметкерлер елдегі тәртіпсіздіктерге радикалды және экстремистік ұйымдардың мүшелерінің қатысы барын анықтады. Бұл туралы