/

30 жыл бойы науқаншылдық, өтірік мақтау қазақты керемет деңгейге жеткізген емес- Нұрқанат Қайрат

1528 рет қаралды
Фейсбук
Ақын, кәсіпкер Нұрқанат Қайрат Баянауыл ауданының әкіміне үндеу жасады. Үндеуді өзінің Facebook парақшасында жариялады.
“Мен Қазақстан республикасының азаматы, айтыскер ақын, кәсіпкер Нұрқанат Қайрат сізге өз хатымды жолдап отырмын.
10 жасымнан қолыма домбыра алып, 16 жыл туған жерімнің намысын сан додада қорғап келе жатқандықтан, елім мені ақ батасымен өсіргендіктен сол елімнің мәселесін қозғауға хақым бар деп білемін!
Әлеуметтік желіні бақылап отырсақ, еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің сұхбатына қатысты көптеген адамдар пікірін білдіріп жатыр.Бірақ ол пікірлерді арнайы тапсырмамен жаздырып, айттырып отырғаны соқырға таяқ ұстатқандай көзге ұрып тұрған жаттанды дүние екені көрініп тұр.Және тапсырма екенін білемін де.Маған оны кімдердің айтып отырғанын жеткізгім келмейді.Себебі, халықтың мәселесімен емес, мәселені көтерген халықпен алысатын сүйкімсіз әрекеттер бар.
Баянауыл ақпарат парақшасына көз салсақ, мұғалімдер мен кітапханашы апайды сөйлеткізіп, видео жарияланған.Біздегі ішкі саясаттың, басшылықтың қауқары осыған ғана жете ме?
Сізше, Тоқаев сол сөздерге мұқтаж ба?!
20000 адамды террористке шығарған адамды бәлкім видеода сөйлеп отырған жандар моральдік тұрғыда ақтағысы келмейтін шығар.Сол сияқты тапсырма берілгеннен кейін қаншама жандар шарасыз амалдарға барып жүрген шығар.Басшылық ретінде осы жақтарын да ойланып көрдіңіздер ме?
30 жыл бойы науқаншылдық, өтірік мақтау қазақты керемет деңгейге жеткізген емес!
Керісінше мойындай алсаңыздар, қаңтардағы қанды қырғын жүйенің шынайы бейнесін ашып берді.Егер әлі де бұл науқаншылдық, өтірік мақтау, болмайтын тапсырмалар жалғасын таба берсе, сыздап отырған жары бұдан да қатты жарылуы мүмкін.
Мұғалімдерді, дәрігерлерді, кітапханашыларды, барлық қызметтегі жандарды науқаншылдыққа араластырмаңыздаршы.Қазақстанның азаматы ретінде әркім өз пікірін білдіргісі келсе, тапсырмасыз-ақ білдіреді.
Сайлау кезінде бақылаушы болып көрген адаммын.Заңды бұзған қаншама мұғалімді ұстадық.Бірақ олар оны өз қалауымен жасап отырмағанын біз білмейтін ақымақ емеспіз ғой.Солайша 30 жылда сүйкімсіз жүйе ұстаздардың да сүйкімін кетіріп бітті.
Қазақстандағы барлық мәселеге сіз жауап бере алмайсыз.Бірақ ауданымыздағы осы мәселелерге мән беріңіз! Себебі мұғалімге де, дәрігерге де, кітапханашыға да ешкімнің саяси тапсырма беруге, жаттанды пікірді айттыруға хақысы жоқ!
Сіздің алдыңыздағы екі әкім де жастардың сөзіне құлақ түрді деп айта алмаймын.
Екеуіне де нақты мәселе көтеріп ойымызды білдірдік.Одан аудандағы мәдениет те, жолдарымыз да құлпырып кеткен жоқ!
Баяғы жартыс сол жартас..
Сіз, мен көтеріп отырған осы жолғы мәселені қолға аласыз деп сенемін!
Онсыз да еңсесі езілген халықты, науқаншылдықпен шаршатпасын деп
қол астыңыздағы мамандарға ескертіп қойсаңыз!
Жұмыс істеймін деген азаматқа ешқашан жөнсіз жерден шүйлікпейміз! Ел бос уәдеден шаршады.Сізді сөзіңіз емес, амалыңыз қандай басшы екеніңізді көрсетсін!
Шетелде уақытша жүрсем де, туған жерімнің адамы түгіл, әр түйір тасы да мен үшін қымбат! Аудан ішіндегі мәселелер ретке келтірілмесе, науқаншылдыққа тұсау салынбаса, кімнің не жасап отырғанын, атын атап, түсін түстеп республикалық деңгейде көтеруге тура келеді.Әкім де, ақын да, бәрі де халықтың қызметшісі, халықтың да қалауын, еркін ескеретін сәт келді.Олай жасаламаса “Жаңа Қазақстанды” құрамыз деуге де әлі ерте..
Ел сіздерден ашықтықты, жаңа бастамаларды күтеді.Халықтың үміті ақталған күнді көруді жазсын.
24.02.2022″-делінген үндеуде.
Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі