/

Еліміздегі танымал вайнерлер қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілікті

1184 рет қаралды
Newtimes.kz
Белгілі қазақстандық вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілікті. Бұл туралы KazTag.kz сайты жазды.
   “Тергеу сотының қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органының азаматтарға қатысты 1 мың АЕК мөлшерінде кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды”, – деп хабарлады бейсенбі күні Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.
Қалалық соттың ақпараты бойынша, аталған адамдар ҚР ҚК 217-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы (қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) бойынша күдіктелуде.
Бұған дейін өзінің Telegram-каналында белгілі қазақстандық журналист Михаил Козачков хабарлағандай, күдіктілер-Әзімжан Саидбаев, Мейіржан Төребаев және Мейірхан Шерниязов. Козачков тергеу мәліметтері бойынша олар Mudarabah Capital қаржылық пирамидасын жарнамалап қана қоймай, сонымен бірге оның тең иелері ретінде үнемі табыс табатындығын айтты.
1 АЕК = Т3063.
Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі