//

Ерлан Саиров: Адам психологиясына сыймайтын әрекеттерге итермелеген басшыларды табу басты міндет

789 рет қаралды
ia-centr.ru
ia-centr.ru
Депутат Ерлан Саиров  Алматы облысындағы азаптауларға қатысты  пікір  білдірді. Пікірін  өзінің Фейсбук параұшасында жариялады.
Менің пікірімді сұрағандар көп болды. Ол кісілер пікірімді ашық жазуымды өтінуде.
Алматы облысындағы “қаңтар қасіреті” кезінде тәртіп бұзды деп ұсталған азаматтарды азаптау фактісі ешбір азаматты бейжай қалдыра алмайды.
Бұл азаптауларды мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатына саботаж жасау деп білемін.
Мемлекет басшысы бейбіт митингге қатысқан азаматтар мен бұзақылардың ара жігін ашу жөнінде тапсырма берген. Бейбіт азаматтарға ешқандай қатаң норма белгіленбеуі керек деген тапсырма бар.
Бұзақы болғанның өзінде, ол азаматтар заң жүзінде өзінің жазасын, тіпті қатаң жазасын алсын (заң бәрімізге ортақ).
Бізге тұрақты мемлекет құру үшін заң мен тәртіп қажет.
Бұл аксиома!
Бірақ, өз туғандарымызды қинап, азаптауға болмайды ғой.
Менің ойымша, мәселені ушықтырып, тереңдете түскісі келетін үшінші күштер бар.
Біздің азаматтарды азаптаған адамдар заң жүзінде өзінің жазасын тартуы керек.
Сонымен бірге, осынау адамгершілікке, адам психологиясына сыймайтын әрекеттерге итермелеген басшыларды табу басты міндет.
Олар біздің мемлекеттің шаңырағын ары қарай шайқалтуға мүдделі топтардың өкілдері.
Мәселе сонда, кейбір топтар мемлекет басшылығын халықаралық қауымдастық алдында дискредитация жасауға әрекет жасап отыр.
Бас Прокуратура өкілдері осы фактілерді ерекше бақылауға алып, тексеріп, кінәлілер қатаң жаза алуы тиіс.”-дейді халық қалаулысы.
Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі