///

“Мінбер” сайты биыл да азаматтық журналистерді іздейді

3132 рет қаралды

Құрметті “Мінбер” оқырманы!

Өздеріңізге белгілі “Мінбер” сайты былтыр “Азаматтық журналистер” жобасын  жүзеге асырған еді. Бұл жоба аясында сегіз журналист арнайы дайындықтан өтіп, мақалаларын жариялады. Өздері ұнатқан тақырыпта мақалалар мен видеолар дайындап, көптің көкейіндегі мәселелерді зерттеді. Көпшілікке ұсынды. Егер былтыр осы бағдарламадан қалып қойып, сан соғып қалсаңыз биыл соның орнын толтыруға жаңа мүмкіндік туып отыр.

Егер Сіз журналист болғыңыз келсе, көкейіңізде сізге маза бермейтін сауал көп  болса,  жедел ақпаратты жариялап тұрғыңыз келсе, ерекше оқиғалардың куәсі болып, оны көпшілікпен бөліссем десеңіз, ерекше адамдармен сұхбаттасып, Қазақстанның  адам аяғы баспаған ерекше мекендер туралы ой қозғасам десеңіз онда осы жолы қапы қалмаңыз! 

www.minber.kz сайты дәл осындай адамдарды іздейді! Бізге Қазақстанның әр түкпірінен азаматтық журналистер керек. Сіздің жасыңыз, біліміңіз (журналистік біліміңіз болмауы керек) маңызды емес. Бастысы cіздің белсенді азаматтық позицияңыз бен бұл әлемді жақсы жағына қарай өзгертуге деген ниетіңіздің болуы.

“Мінбер” сізге жаңа платформа ұсынып отыр, сіз біздің команда құрамында қызықты сұхбаттар ұйымдастырып, репортаж дайындап, ақпаратты талдап және тексеруді үйренгіңіз келсе, фото және видео түсіруді мақсат етсеңіз, мархабат, біз сізді күтеміз. Сонымен қатар, сіздің еңбегіңіз ақылы болады, азаматтық журналистерге арналған қаламақымыз бар. Біз Internews Kazakhstan халықаралық мекемесі ұйымдастырған “Азаматтық журналистер” жобасына қатысып, грант ұтып алдық. Өтінімдерді қабылдау 11 наурызда аяқталады.

Азаматтық журналистерді таңдау конкурстық негізде өтеді. Егер сіздің қатысқыңыз келсе, төмендегі форманы толтырыңыз:

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар