//

Украина мен Ресей арасындағы соғыстың бірінші күні немен аяқталды?

1005 рет қаралды
фото: Гордон
Оқиғаның беталысын мұқият бақылап отырған мамандарға сенсек, Ресей бірнеше тараптан басып кіріп, кей тұста Украина территориясына 90 километрге дейін жылжыды.
Кемінде екі поселок, Чернобыль АЭС-і және Змеиный аралы Ресей әскеріне өтті.
Змеиный аралын қорғаушылар түгелдей қаза болды. Украина президенті Володимир Зеленский олардың бәріне батыр атағы берілетінін мәлімдеді.
Киевтің мәліметі бойынша, Украина 137, ал Ресей 400-ден аса солдатынан айырылды.
Ресей өзінің адам шығынын жариялаған жоқ. Екі ұшақтың құлағанын мойындады, бірақ екеуіне де себепші ретінде техникалық ақауды атады.
Кей мәліметтерге қарағанда, Ресей әскери басшылығы өлген солдаттардың денесін өртеу үшін жылжымалы крематорий ала келген.
Сумы облысының орталығы басқыншыларға өткені хабарланды, бірақ соңғы мәліметтерге қарағанда, онда әлі шайқас жүріп жатыр.
Қырымнан кірген Ресей әскері барынша дендеп, Херсон қаласына дейін жетті.
Украин әскерінің шекара маңында қарсылық көрсетпеуі жоспарлы түрде жасалған. Енді олар Ресей әскерінің бағытын біледі және күштерін соған қарай жұмылдырады.
Ресейдің үлкен десанты Киев жанындағы «Антонов» әуежайына түсіп, бекінді.
 Украина осы десантты жоюға, ал Ресей оны қолдайтын әскерді тезірек жеткізуге тырысады. Ол әскер қазір Киевтен шамамен 100 км жерде.
Ресей осы соғысқа дайындалған әскер күшінің аз ғана бөлігін іске қосты. Оның негізгі мақсаты Киевті басып алып, Украина басшылығын биліктен тайдыру. Бүгін Ресей әскері Украина астанасын әуеден ауыр соққының астына алуы мүмкін.
 Зеленский Украинада жаппай мобилизация жариялады. Өкімет астана тұрғындарына 10 мың автоматты қару таратылғанын хабарлады.
Біз үшін ең ауыры осы екінші күн болмақ, өйткені олар бүгін бізді психологиялық тұрғыда сындыруға бар күшін салады, бүгін шыдасақ ертең жеңіл болады деді Украина президенті кеңсесі басшысының орынбасары Алексей Арестович.
Ержан Абдраман
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі