//

Жантүршгерлік “қаңтар оқиғасы”, телеарна эксклюзивті кадрларды көрсетті

1459 рет қаралды
Фото: 24kz
Фото: 24kz

КТК телеарнасы Алматы қаласында болған тәртіпсіздіктердің экслюзивті видеосын көрсетті. Видеоға бей-жай қарау мүмкін емес. Жантүршігерлік “қаңтар оқиғасының” видеосы КТК телеарнасының Ютуб желісіне де жүктелген.

Видео 5 қаңтарға қараған түні әкімдіктегі кіреберісте түсірілген.  Видеода дубинамен қаруланған топ тек қалқанмен қорғанған полицейлерді қыспаққа алып жатқаны көрсетілген. Және әкімдіктің арт жағында түсірілген видео бар. Ол жерде әскерилер мен полицейлерді тізерлетіп, ұрып, олардан формасын шешіп алып жатқаны көрсетілген. Киіміне қан жұққан полицейлердің қашып кету мүмкіндігі де болмағаны анық.

Видеоның ең соңғы кадры да өзгеше. Дәл сол күні кешкі уақытта президент резиденциясына қарама-қарсы және әкімдіктен сәл жоғары орналасқан мемлекеттік музейдегі бақылау камерасына түсіп қалған ерекше кадр. Видеода бетін жауып алған белгісіз адамдар көшеде намаз оқып жатқаны көрсетілген.  Бейбіт жұрт далаға шығуға сескенгенде, қалай еш уайымсыз, дәл алаңда намаз оқып отыр дерсіз.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі