//

Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира жайлы не білеміз?

1780 рет қаралды
фото: КазТАГ
Осыдан бір екі бұрын миллиардер Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды рейдерлік бабымен тұтқындалған еді. Жемқорлыққа қарсы агенттіктің ресми сайтында бұл іс бойынша қылмыстық іс басталғаны расталған. 
Құқыққорғау органдарының мәліметіне сүйенсек, Гүлмира Сатыбалды ҚР Қылмыстық процессуалдық қодексінің 128 бабы бойынша қамалған. Қазір ол Астананың уақытша тергеу изоляторында. Қайрат Сатыбалды және оның бұрынғы әйелі, басқа да бірқатар адамдарға қатысты бизнесті күшпен тартып алу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары басталған.

Бірнеше күн бұрын қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызы Galanz Bottlers коампаниясын рейдерлік жолмен тартып алуға Гүлмира Сатыбалдының қатысы бар екендігін айтып, оны айғақтарымен дәлелдейтінін мәлімдеген болатын. 

Гүлмира Сатыбалдының мамандығы мұғалім. Бірғаным Әйтімова Білім және ғылым министрі болып тұрған кезде аппарат басшысы болып қызмет істеген. Білім және ғылым министрлігінің материалдық мүліктерді жарамсыз ету жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы да болған. Ақпарат құралдарының жазуы бойынша Қайрат Сатыбалды мен оның әйелі Гүлмира осыдан 17 жыл бұрын ажырасып кеткен. Бір ұл, екі қыздың анасы.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар