////

Қазақ боксшылары халықаралық турнирде 4 алтын, 4 күміс, 9 қола жүлде жеңіп алды

1447 рет қаралды

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан боксшыларының жетістіктерімен қуантты

Министрлік хабарлағандай ақпанның 21-27 аралығында Болгарияның София қаласында бокстан «Странджа» халықаралық турнирі өткен. Былғары қолғап шеберлерінің бәсекесінде әлемнің 36 елінен 450 спортшы бақ сынапты.

Қазақ боксшылары жалпы командалық есепте 17 медальмен үшінші орынға тұрақтаған. Бірінші орынды Өзбекстан (6,0,1) спортшылары иеленсе, екінші орынға Ресей (5,5,11) құрамасы жайғасыпты.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

I орын – Махмұд Сабырхан (54 кг)

I орын – Сағындық Тоғамбай (86 кг)

I орын – Назым Қызайбай (50 кг)

I орын – Валентина Хальзова (70 кг)

II орын – Дамир Әбдіқадыр (51 кг)

II орын – Дулат Бекбауов (67 кг)

II орын – Дина Жоламан (54 кг)

II орын –  Ләззат Күнгейбаева (+81 кг)

III орын –  Санжар Тәшкенбай (48 кг)

III орын – Тимур Қабдешов (51 кг)

III орын – Абзал Серік (63,5 кг)

III орын – Абзал Құттыбеков (92 кг)

III орын – Нұрлан Сапарбай (+92 кг)

III орын – Римма Волосенко (60 кг)

III орын – Дариға Шакимова (66 кг)

III орын – Надежда Рябец (75 кг)

III орын – Анастасия Баязитова (81 кг)

Ал, турнирдің жалпы жүлде қоры 200.000 АҚШ долларын құрап, Бірінші орын -4000, екінші орын-2000, ал үшінші орын үшін – 1000 қаржылай сыйақылар тағайындалған.

Парақшамызға жазылыңыз

Альфия Шамай

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі (1998-2002ж.ж).

2016 жылдан бері «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ (М.А.Ускембаева) Батыс Қазақстан облысындағы жобалар бойынша өңірлік менеджері

Қазақстан Сорос Қоры мен «Zertteu Research Institute» ҚҚ ұйымдастырған «OpenBudgetFellowship2019» 2019 жылғы түлегі

Қазақстандағы Internews өкілдігі жариялаған, MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған 2021 жылғы «Азаматтық журналистер» жобасының түлегі

MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған «Журналистиканың негізгі машықтары» мектебінің түлегі

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі