//

Украинадағы соғыс: 7 наурыздағы жағдай

996 рет қаралды

1. Бүгінгі екі жақты кездесуден нәтиже шықпады. Гуманитарлық дәліз ашу жалпы жүзеге аспады. Себебі, екі жақ та Гуманитарлық көмектер деген атпен жасырын келетін әскери керек-жарақтан қорыққан болуы мүмкін.
2. Ресей соғыс тактикасын өзгертті. Енді маңызды нысандарды зымырандармен атқылап жатыр. Және екі АЭС-ті басып алуға талпыну арқылы Еуропа Одағынына қыр көрсетіп отыр. Ондағы басты себеп, Ресей әскерлерінің психологиялық қысым астында қалуы мен шығынның көбеюі.


Украина тарапының мәліметінше, басып кірген 120 мыңға жуық Ресей әскерінің 3/1-і жарамсыз. 11 мыңнан астамы өліп, 40 мыңға жуығы жараланған немесе тұтқынға түскен.
3. Ақпараттық соғыста Ресей оңбай ұтылды. Тіптен, Ресейде барлық әлеуметтік желіні жауып, халық наразылығын басуды қолға алған. Жұмыссыздық пен қаржылық дағдарыс күшейген.
4. Украина Қорғаныс министрі кеңесшісінің айтуынша тұтқынға түскен Ресей әскерінің саны 2 мыңнан асыпты. Жүзден әскери техникалар қолға түсті немесе қиратылды. Украина әскері күннен күнге күшейген.
Оның үстіне әр күні таралған видеолар жеңіске деген сенімін нығайтты.
5. Ресей әскері басып алған қалаларда жаппай наразылық өтіп жатыр. Тіптен, оқ атуға мәжбүр болған. Ұсталғандар көп. Ол жерлерге Украина әскерлерінің арнайы топтары жақындап келеді. Алда соғыстың жаңа толқыны басталады.
6. Ресей үшін әлеуметтік мәселе аса ауырлық тудырмайды. Ал ақпараттық шабуыл күшейген сайын психологиялық қысым мен антисоғыстық пиғыл артты. Оның үстіне, Молдова мен Грузияда да Ресей қолдап, ұстап отырған жікшіл аймақтарда соғыс өрті тұтануы мүмкін.
7. Еуропа елдері Ресейге тәуелділіктен арылу үшін балама энергия көздерін іздеп жатыр. Мәселен, АҚШ Венесуеламен келісуге тырысып, Иранға еркіндік берді. Кей елдер ресеймен энергетикалық байланысты сақтап қалған тырысуда.

Украина/Ресей: соғыс көзқарас телеграм каналынан

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар