//

Заманбек Нұрқаділовтың ұлы әкесінің өзін-өзі өлтірмегенін, өзін қорқытқанын, “суицид” дегенге амалсыз келіскенін айтты

1537 рет қаралды
Түркістан кз
Түркістан кз

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов әкесінің өзін-өзі атқанына сенбейді. Ол туралы Уақыт Көрсетеді бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

“Бүгін сұхбатқа келетінімді біліп, түнімен ұйықтамай, барлығын есіме түсірдім. Ештеңе ескертусіз қалмасын, бәрін бұқпай айтамын”-деді ұлы.

Қайрат Нұрқаділов әкесінің мазарына жылына 2 рет келетінін айтты. Бірі – дүниеге келген күні, бірі – дүниеден кеткен күні, яғни 12 қараша. Әкесінің түсініне кірмейтінін, бірақ үнемі анасының түсінде жүретінін жеткізді.

Тілші Нұрқаділовке “Әкеңіз саясаттың құрбаны болды ма?”-деген сұрақ қойды. Жауабын назарларыңызға ұсынамыз.

-Иә құрбаны болды. Әкем өз-өзіне қол салған жоқ. Оны өлтірді. Қайтыс болғаннан кейін мені Алматы қалалық Полиция Департаментіне шақырды. Іс қозғалғанын айтты. Сол ғимараттан шыққанымда мені екі жігіт күтіп тұрды. Пальто киген, түстері суық. Көрініп тұрды қарарпайым адам емес екені. Сол кезде маған айтқан сөздері әлі есімде:

“Әкеңнің өлімін “суицид” деп айтасың, әйтпесе кухнядағы шыбыннан гөрі сені өлтірген оңай. Кішкентай балаларыңды, қарындасыңды ойласаң дұрыс шешім қабылдарсың. Ойлануға 1 күн береміз”-деді.

-Амал жоқ келістім. 2 айдан кейін іс жабылды. Бірақ менің жүрегімдегі жүк 17 жыл бойы кеткен жоқ. Ақыры айтуға бел будым,- дейді Қайрат Заманбекұлы.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар