////

Өскемен қаласы әкімінің отставкасын талап еткен ерекше челлендж басталды

2927 рет қаралды

Өскемен қаласының көшелерінде, жолдардағы шұңқырларда қала әкімі Жақсылық Омардың суреттері пайда болды. Қала әкімінің суретінде «Лучшая поправка – Омара отставка» деген жазу бар. Мүмкін қала белсенділері осындай шарамен қаланың жолдарындағы жөнделмей жатқан көшелеріне назар аударғысы келген болуы керек.

Алайда әлеуметтік желіде таралған қызық жаңалықта – шараның нақты қандай көшеде өткені жазылмаған. Экспресс К сайтының хабарлауынша әкіммен телефон арқылы сөйлескенде ол өзінің суретінің көше шұңқырларында пайда болғанынан хабарсыз болып шыққан.

Айта кетейік, еліміздегі қаңтар оқиғаларынан кейін  Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омардың орнын босатуын талап еткен петиция жарияланған еді. Петицияда қала тұрғындары Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаевқа әкімнің 4 жылдық қызметінде қаланың тұрмыс тіршілігі жақсармағанын айтқан еді.
Жақсылық Омар Өскемен қаласының әкімі лауазымына 2018 жылы тағайындалған болатын.
Жуықта өткен Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Ускенбаев жолдардың жөнделу сапасына қарай жергілікті әкімдердің жұмысы бағаланатын болады деп хабарлаған еді.

“Жолдардың сапасын қамтамасыз ету үшін мыңнан астам нормативтік-құқықтық актілер қайта өңделуде және жолдардың сапасы бойынша әкімдердің рейтингін анықтау бойынша әдістеме әзірленді, келісу және бекіту рәсімі жүргізілетін тұстарында” – деп мәлімдеді министр.

Хадиша Айдар

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар