////

Республикалық маңызы бар Кеген мен Райымбек автомобиль жолы қашан жөнделеді?

3454 рет қаралды
1

Республикалық маңызы бар Кеген-Райымбек автомобиль жолы жолаушылардың да, жүргізушілердің де жүйкесін жұқартып-ақ болды. «Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды» демекші, жолдың жыры жөнінде айтылмаған сөз, естімеген құлақ қалмады.

Керегейлі тау Кеген өңірі Алматы облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде, 250 шақырым жерде орналасқан. Алматы қаласынан Кегенге, я болмаса Нарынқолға жету үшін, 4-5 сағаттық жолды артқа тастайсыз.

Жолдың машақаты «Қайқы» асуына келгенде басталып, ары қарай Кеген, Нарынқолға дейін ұласады. Бірден-бір Республикалық маңызы бар бұл жол аты ғана болмаса, заты сын көтермейді. Жылда ой-шұқырын жамап-жасқағанымен көктем шыға, асфальт «қармен бірге еріп кетеді».

«Қайқы» асуының жолы былтырғы жылы күз айларында тәп-тәуір басталған еді, бүгінгі күнге дейін толық аяқталмай  тұралап ол қалды. Ескі асфальтты қырып, одан бетер жолдың сиқын кетірді. Сөйтіп, Қайқы асуындағы жол көлік жүргізушілердің де, жолаушылардың да азапты жолына айналды.

2019 жылы «Экспресс-К» басылымы сол кездегі Алматы облысының әкімі Амандық Баталовпен   сұхбаттасты. Бұл жайында «Dalanews» желілік басылымы хабарлаған еді.

Экспресс-К:

– Райымбек пен Кеген облыстарының шекаралық аймағында жол салу мәселесіне келсек. Атап айтқанда, Кеген мен Нарынқол арасына дұрыс жол қашан түседі?

– Біз шекаралас аумақтарға ерекше назар аударамыз. Алматыдан Қорғасқа дейін 304 шақырым жол салынды, енді Кеген мен Нарынқол арасындағы жолға кезек келіп тұр. Бұл жол республикалық маңызға ие болғандықтан,оны күрделі жөндеуге ұсыныстар енгіздік, жобасы жасалып жатыр. Бүгіндері облысқа қайта жан бітуде.2000-нан астам жас елді мекендеріне оралды.Сондықтан,жолдар аймақтың дамуы үшін өте маңызды…-деді облыс әкімі Амандық Баталов.

Содан бері үш жыл өтті. Өзгерген жолды көрмедік.

Қазавтожолдың мамандары, мықты болсаңдар жүріп көріңдер, осы жолмен!

…Баяғы Қонаев ақсақалдың заманында салып берген, жол, біздің жол. Кеген-Нарынқолдың жолы.Тас дәуіріндегі жол!.. (ЖӘ)

Жол ішіндегі жол. Көлік жүргізушілері жолдағы ой-шұңқырдан қашып, жол жиегіне қара жол салып алған.

Таяуда , парламент отырысында мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан халықтың көкейінде жүрген Кеген-Нарынқол жолын Қазавтожол мамандарына төтесінен қойып, біздерді қуантып тастады.

17 мамыр күні Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мал шаруашылығы және автожол саласын дамыту мәселелері қаралғаны туралы хабарлаған болатын

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша екінші мәселеге қатысты өзге де жауапты тұлғалармен қатар Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев өңірдегі жолдардың жай-күйі туралы баяндама жасаған.

Облыс әкімінің айтуынша, биылғы жылы жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуге 59 млрд. теңге бөлінген. 150 елді мекендегі көшелерді және 500 шақырым облыстық жолдарды жөндеу басталды. Жыл соңына қарай жақсы жағдайдағы облыстық жолдардың үлесі 91% жетеді. «Мықты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін 1700 шақырым жолды жөндеудің барлық түрін қамту жоспарланған.

P.S. Мемлекеттік сатып алулар порталында бұл жолды жөндеуге қанша каржы кеткенін сараптап көрген едік. Облыстық маңызы бар жолдарды орташа жөндеу үшін бөлінген қаржы жетерлік екен. Ал «Республикалық маңызы бар «Көкпек – Кеген – Нарынқол – Қырғызстан Республикасының шекарасы (Тюп)» автомобиль жолын күрделі жөндеу» үшін “Қазавтожолдың” тапсырыс беруімен “АБЗ КАРЬЕР ДРСУ” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңіп алған 1 миллиард 206 миллион теңгенің бір тендерін таптық. Екі мекеме арасындағы келісім-шарт биыл 27 мамырда жасалған. Келісім шарт бойынша бұл сома аталған жолдың 41-53 км, 88-99 км бөлігін күрделі жөндеуден өткізуге арналған. Көп жылдық келісім шарттың техникалық ерекшелігіне назар салсаңыз, онда 2016 жылы жасалған жоба мен шығындар сметасы ілінген. Демек 23 шақырым жолды күрделі жөндеуге 1, 206,000,000 теңге бөлініп отыр. Бұл соманы 23 шақырымға бөлсек 52,5 миллион теңгеден айналады екен.

Дәурен ЕРМЕКБАЙ

Алматы облысы,

Кеген ауданы

 

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

“Ақ кеме” – Ғ.Мүсірепов театрында

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры 17 желтоқсанда Шыңғыс Айтматов шығармасының желісімен қойылған

Дос Көшім, саясаттанушы: Президенттің басым дауыспен жеңіске жетуі – авторитарлық жүйенің қалыптасқан қағидасы. Өйткені Президент өзгелерден оқ бойы озық болуы керек

Қазақстанда 2022 жылдың 20 қарашасына кезектен тыс сайлау өтті. 81 пайызбен атқарушы Президент Қ.К. Тоқаев басым