/

Жаңадан салынған тас жол қақ ортадан бөлінді. Талдықорған-Үшарал жолын су шайып кетті

623 рет қаралды

Толассыз жауған нөсер жаңбырдан кейін аққан ағынды су жаңадан салынып жатқан тас жолды дәл ортасынан бөле шайып кеткен. Оқиға Талдықорған-Үштөбе тас жолында болған. Оқиға куәгерлері әлеуметтік желіге жолдың қақ ортасынан бөлінгенін көрсетіп видеожазбалар салып жатты.

Апат Ақсу ауданына қарасты, Еңбек ауылының маңында болған. Ақсу ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы ресми ақпарат берді.

“22 мамыр сағат 16-45 те Ақсу ауданы, аумағындағы Республикалық маңызы бар Алматы-Өскемен тас жолының 393- 395 шақырымын қатты жауған жауын салдарынан су орып кетті. Апаттық жағдайға байланысты жол уақытша жабық. Айналма жол Матай-Лепсі арқылы. Зардап шеккендер жоқ. Тиісті мамандар жұмыс істеуде” дейдібаспасөз қызметі.

Ал бүгін Ақсу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі  республикалық маңызы бар жолдың жабылғанын хабарлады.

“Алматы Өскемен республикалық маңызы бар автомобиль жолының 393-395 шақырымындағы су өткелдерін қатты жауған жауын салдарынан су шайып кетуіне байланысты. Жол жабылды. Қазіргі уақытта таңғы сағат 7 ден бастап айналма жолды қалпына келтіру үшін қауырт жұмыс жүргізілуде. Мердігер тарапынан құрылыс жұмыстарына 16 техника, 25 адам жұмылдырылған. Басты мақсат жол қозғалысын тез арада қалпына келтіру” делінген хабарламада.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі