/

“Екінші Республиканың негізін қалаймыз”-Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады

303 рет қаралды
ақорда
ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына отандық телеарналар арқылы үндеу жасады.

“Қазақстан өте маңызды әрі бетбұрысты кезеңге қадам басқалы тұр. 5 маусым күні азаматтарымыз жалпыұлттық референдумда дауыс береді. Конституцияға түзетулер енгізу мәселесі бойынша шешім қабылдайды. Бұл – мемлекеттің және бүкіл қоғамның болашағын айқындайтын жауапты сәт. Ел тағдыры ешкімді бей-жай қалдырмайтыны анық.

Біз қазір барлық саланы жаңғыртуға кірістік. Осы жолда мемлекетті басқару үлгісін түбегейлі өзгерту қажеттігі туындады. Сол себепті мен наурыз айындағы Жолдауымда саяси жаңғырудың ауқымды бағдарламасын ұсындым. Оның басты мақсаты – елімізді одан әрі демократияландыру, халықтың мемлекетті басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту. Сондай-ақ Үкіметтің тиімділігін арттыру. Бұл өзгерісті толық жүзеге асырсақ, ықпалды парламенті бар президенттік республика үлгісіне біржола көшеміз.

Конституциялық реформа адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін барынша күшейтеді. Сонымен бірге еліміздегі саяси бәсекенің әділ және ашық болуын қамтамасыз етеді.

Біз Ата заңымыздың отыздан астам бабына өзгеріс енгізгелі отырмыз.  Оның бәрі азаматтарымыздың мүддесіне толық сай келеді. Осылайша мемлекетімізді түбегейлі жаңғыртамыз. Сол арқылы Екінші Республиканың негізін қалаймыз.”-деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын 5-маусым күні әр адамды өз таңдауын жасауға шақырды.
Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Жолдас Өрісбай, жарияланбаған сұхбат: Қазақстанда нарықтың еркін экономикалық негізде дамымай жатқандығы сөз бостандығын тежеуде

Америкада Мичиган мемлекеттік университетінің Журналистика мамандығының магистратурасын бітірген медиа маман Жолдас Өрісбай үнемі өз ойын фейсбук

Фишинг дегеніміз не?

Фишинг (Phishing) дегеніміз интернет арқылы жасалатын шабуылдардың бірі. Бұл шабуыл көбінде электронды пошта арқылы жасалады. Ондағы