///

Мультимедиалы дағдыңызды дамытқыңыз келсе, Internews cізді тренингке шақырады

3071 рет қаралды
photo: ашық дереккөзінен

Internews кәсіби журналистер мен жұмысын енді бастаған журналистерді Мультимедиалы контент жасаудың негізгі машықтары тренингіне шақырады. 

Тренингте: деректер қорын өңдеу, материал визуализациясы, фактчекинг, журналист этикасы және басқа да маңызды машықтар бойынша лекциялар мен шеберлік сабақтары болады.

Сабақтар 2022 жылғы 11-15 шілде аралығында қазақ тілінде онлайн өтеді.

Мультимедиалы материал жасап, алған білімді сіңімді ете түсу үшін тренинг аяқталғаннан кейін бір айдай ментор қолдауы қарастырылған.

Тренингке қатысу — тегін, толтырған өтінішіңізге қарап, конкурста таңдайды.

Қатысу үшін онлайн-өтінішті толтырыңыз.

Өтініштер 2022 жылғы 9 шілде, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19:00-ге дейін қабылданады.

Тренингтің барлық сабағына қатысып, үй тапсырмаларын орындау қажет. 2022 жылғы 11-15 шілде аралығында Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін уақыт бөлуіңізді сұраймыз. Курс аяқталғаннан кейін сапалы мультимедиалы материал жасауыңыз үшін 2-4 аптадай ментор қолдау көрсетеді.

Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге асады.

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар