/////

Оралда ММА-дан халықаралық турнир өтті (фото)

7033 рет қаралды

Оралда алғаш рет 11 маусым күні қалалық мәдениет және демалыс саябағында қала әкімдігінің, спорт бөлімінің, мәдениет бөлімінің, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы аралас жекпе-жек Академиясының және облыстық ММА Федерациясының қолдауымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығына арналған FFC-34 GLOBAL 9 халықаралық промоушен турнирі өтті.

Аталған турнирге отандастарымыздан бөлек Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей елдерінің спортшылары қатысты. Мұндай іс-шара алғаш рет ашық аспан астында және жоғары деңгейде өткізілді. Айқастың нәтижесінде қазақстандық спортшылар барлық салмақ дәрежесінде, соның ішінде әуесқой ММА бойынша жеңіске жетті.

Турнирдің құрметті қонақтарының арасында қала әкімінің орынбасары М.Нұржанов, облыстық спорт басқармасының басшысы Қ.Есендияров, қорғаныс істері жөніндегі басқарманың бастығы Р.Балтеміров, Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатына жәрдемдесу орталығының төрағасы М.Қайырғалиев, сондай-ақ іс-шараның демеушілері «Dex company» компаниясының директоры Е.Дияров, “Қосай-Дәулет” компаниясының директоры Ж.Дәулеталин (Атырау) болды.

Сондай-ақ, іс-шараның арнайы қонағы Оренбургтің атақты кәсіби күрескері және ММА жаттықтырушысы Вячеслав Александрович Бутаков та келді.

Орал тұрғындары экзотикалық музыканың сүйемелдеуімен тай боксының нұсқасы бойынша жекпе-жек көре алды.

Жекпе-жектің қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар барлық салмақ дәрежесінде, соның ішінде әуесқой ММА бойынша жеңіске жетті. FFC 34 Global 9 белбеуі үшін күресте Орал спортшысы Аслан Өтеғалиев жеңіске жетті.

Кеш соңында ұйымдастырушылар мен оралдықтар Шымкент және Орал қаласының батырлары Рустам Лапаев пен Әлихан Батырғалиевтің арасындағы айқасты күтіп, жерлесіміз жеңді! FFC 34 Global 9 промоушенінің екі белдеуі Батыс Қазақстанда қалды.

Халықаралық турнирді ұйымдастырушылардың бірі, БҚО “Алтын орда” Аралас жекпе – жек академиясының президенті Махамбет Сұлтанғалиевтің айтуынша, бұл іс-шараның негізгі мақсаты – Оралда кәсіби ММА-ны дамыту.

– Біз керемет шоу жасадық, қала тұрғындарына естен кетпес шоу ұйымдастырдық, сондай-ақ барлығымызға біздің жауынгерлеріміздің өз ісінде ең мықты екендігін көрсеттік! – деді Махамбет Сұлтанғалиев.

Светлана Аманғалиева, 

БҚО, Орал қаласы

Фото автордыкі

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі