//

Қай аға маған оқ атқан? Қаңтар құрбаны 4 жасар Айкөркемнің муралы өшірілген

2401 рет қаралды
Қаралы Қаңтарда 4 жасар бүлдіршін Айкөркем қаңғыған оқтан көз жұмған еді. Айкөркем бауырларымен бірге көлікпен келе жатқанда әлдекімдер оқ жаудырған. Әкесінің айтуынша, оқ баланың басына тиіп, бір бөлігін жұлып әкеткен. Ауруханаға жеткен қаршадай қыз сол жерде жантәсілім еткен еді.

Осы қайғылы оқиғадан соң әкесі Айдос қызына арнаған өлең жазған.

«Мен мәңгі төрт жастамын» деп аталатын өлеңнің бір бөлігі сол күндері мылтық ұстағанәскерилерге арналған.

Еркесі едім үйдегі,

Деуші еді бәрі ботақан.

Қуанушы еді үлкендер,

Берді деп сені жаратқан.

Алаңсыз келе жатқанда,

Қай аға маған оқ атқан?

Атыпсың дәлдеп мылтықты,

Алды-артыңа қарамай.

Осынша неге өшіктің

Кіп-кішкентай балаға-ай?

Не кінәм менің бар еді

Өлтірдің неге, ағатай?!

Алайда, «Қай аға маған оқ атқан?» деген Айкөркемнің сауалына   ешкім жауап берген жоқ. Көлікке кім оқ атқаны күні бүгінге дейін беймәлім. Билік бейбіт тұрғындарға оқ ату бойынша істер туралы толық ақпарат бермей отыр.

Бүгін Қаңтар қырғынының құрбаны кішкентай  Айкөркем Мелдеханға арналған мурал салындыМурал бір жыл бұрын талап еткен сурет экс-президент Назарбаевтың «күшін жоюды» талап еткен жерде пайда болған. Жароков пен Мыңбаев көшелерінің қиылысындағы гараж қабырғағасалынған.

Мурал туралы ақпарат Rukh2k19 тобы инстаграм-парақшасында жарияланды. Онда:

«Осы жолы үндемей қаламыз ба? Әділдікті талап етуге осы жолы да шамамыз келмей ме? Қазақстанның жерінде жүздеген адамның мерт болғанына бес ай болды. Мыңдаған адам полицияда азапталып, өмір бойы мүгедек боп қалды. Жеті адам азапқа шыдамай абақтыда көз жұмды. Бұлардың бәрі біздің адамдар, біздің халық. Олардың орнында біз де болуымыз мүмкін еді.

Ал енді бұл адамдарға оқ атқан кім? Ескертусіз оқ атуға бұйрық берген кім?

Біз әділдікті талап етеміз. Бізге қосылып, сіз де әділдікті талап етіңіз. Өзімізді өзіміз қорғамасақ, басқа ешкім келіп, қорғамайды» деп жазылған.  

Жұма күні салынғанына   бірнеше сағат болмай жатып муралдан Айкөркемнің суреті алынып, сырланғаны хабарланды.

Дереккөз: malim.kz 

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері