///

Бұл дискотека бұрынғыдан өзгерек. Оралда егде жастағы адамдарға арналып би кеші ұйымдастырылды

2012 рет қаралды

Оралда демалыс күндері әр апта сайын «күміс» жастағы адамдар үшін би ұйымдастырылуда. Бұл жолы би кеші Тұңғыш Президент алаңында өтті. Би кешқұрым бастау алып, «күміс» жастағы адамдар өздеріне жастық шақтан танымал әуендерді еске алып, би алаңында табысты.

Іс-шараны «Ақ Отау» Отбасы орталығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. «Ақ Отау» Отбасы орталығы» ҚБ облыстағы ең тәжірибелі үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) бірі, халықтың түрлі топтарымен жұмыс істейді. Қор жетекшісі Алтынай Искалиеваның жобаларының бірі 2019 жылдан бері өткізіліп келе жатқан күміс жасқа арналған би кештері тек қарттарды ғана емес, жастар арасында да қызығушылыққа ие. Сол себептен де шығар өңірімізде танымалдылығы артып барады.

Би алаңы адамдарға қуат беріп, бір-бірімен энергия алмасып, дене мен жанды жасартады, өмірді ұзартады. Би кесте бойынша, аптасына бір рет әр түрлі жерлерде өткізіледі. Зейнеткерлердің What’s App әлеуметтік желісінде жеке чаты да бар екен. Мұнда тек би билеу үшін ғана келмейді, әр адам өз бойындағы дарынын, өнерін көрсетеді. Мысалы, ән айту, өлең айту, мәнерлеп оқу және т.б. «Кәрілік талантқа бай» деп, дана халқымыз бекер айтпаған.

Қоғамдық бірлестік төрайымының айтуынша осыдан көп жыл бұрын Островский театрының айналасында бақ болған. Онда күнде кешке би кештері өткізіліп тұрған. 60-70 жылдары дүниеге келген азаматтар мұның бәрін есіне алып, сол күндерге оралғысы келетінін де жасырмайды. Бірнеше жылдан кейін Алтынай Галимовна бұл дәстүрді жандандыруға шешім қабылдайды. Ол қала әкімінің қабылдауына барып, осы жылы да өз идеясымен бөліскен. Қала әкімі өз тарапынан қолдау білдірген.

– Қала әкімі мені қабылдады. Менің ұсынысымды үлкен қызығушылықпен тыңдады. Бүгінде оның қолдауы сезілуде, – дейді Алтынай Искалиева. – Қарт адамдар үшін кеш өткізу идеясы көптеген жылдар бұрын туындаған. Мен бір кездері «Күзгі вальс» акциясын өткізген едім. Бірақ бұл іс-шара тек жылына бір рет қана өтетін еді. Мен Арбатты мәдени орталыққа айналдыруды армандаймын. Мұнда билерден басқа, суретшілер өз өнерін көрсете алады, портреттер мен мультфильмдер бейнелерін сала алады. Бұл тек біз үшін емес, қала тұрғындары үшін де есте қаларлықтай болуы керек. Ақындар өлеңдерін оқи алады. Қолөнершілер өздерінің туындыларын дүйім жұртқа таныстыра алады. Бүгінгі таңда зейнет демалысындағылар үшін көтеріңкі көңіл-күй мен қозғалыс өте қажет.

Келген қала тұрғындары, ерлі-зайыптылар, зейнеткерлер, жастар, балалар бұл идеяны қуана қабылдап, өздері де сырттай қарап тұра алмай, бишілер арасынан табылды.

– «Күміс» жастағы замандастарым және жалпы қала тұрғындары өз үйлерінен шығып, бой жазып, көңіл көтеріп, бір серпіліп қалдық. Біздің жастағы адамдарға өз эмоциясын шығаруға мүмкіндік бергені өте керемет. Бұл біздің жанымызға және физикалық формамызға оң әсер етеді. Бізге бұл жаста не маңызды, – деді Аманжан Орал қаласының тұрғыны. – Бүгін біз жастық шағымызды еске алдық. Мұнда таныстарымызбен кездестік. Олар керемет уақыт өткізді.

Би кешіне келген жастар да өз пікірлерін білдірді.

– Өте керемет идея. Біз достарымызбен біздің егде жастағы адамдардың, ата-аналарымыз бен ата-әжелеріміздің белсенділігіне, әрі көтеріңкі көңіл күйіне қарап, қуанып, мәз болып тұрмыз.Мен де әжемді келесі би кештеріне шақырғым келеді. Әжем билегенді ұнатады, бірақ өзінің ортасы болмағасын, көп шыға бермейтін еді. Енді міне, жақсы болды. Бір серпіліп, қуанып қалатын болды ғой. Мұндай іс-шаралар біздің қаламызда өткізіліп жатырғанына және жай ғана жақсы көңіл сыйлау үшін тек қымбат мерекелік концерттер емес, қарапайым би кештерімен де қуантуға болатынын тағы да дәлелдеді. Өте керемет идея, – дейді жас түлек Диас.

Би арасында қала тұрғындары өз таланттарын көрсете алды. Олар өлең оқып, ән шырқады.

Егде жастағы адамдарға арналған би кеші апта сайын екі сағат 20.00-ден 22.00-ге дейін өткізіледі. Мүмкін, бұл жылы да күзге дейін жүзеге асырылатын болар. Соңғы кеште ең белсенді тұрғындар сыйлықтармен марапатталатын болады.

Светлана Аманғалиева, 

БҚО, Орал қаласы

 

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі