Индонезияда футбол матчі жүздеген адамның өлімімен аяқталды

816 рет қаралды
сурет дереккөзден
suryamalang

1 қазанда Индонезияның Маланг қаласындағы “Канджурухан” стадионында футбол матчі қайғылы оқиғамен аяқталған. Бұл туралы suryamalang  жазды.

Сенбіде Индонезия чемпионатының матчінде “Арема” және “Парсебайя” командалары кездескен. Ойын екінші команданың пайдасына 3:2 есебімен аяқталған. Финалдық ысқырықтан кейін “Ареманың” жанкүйерлері ашуға бой алдырып, футбол алаңына қарай жүгірген. Тәртіп сақшылары көзден жас ағызатын газ шаша бастаған.

Футбол тамашалауға келген адамдар, оның ішінде трибунада отырған көрермендер де қорқып, стадионнан кетуге ұмтылған. Салдарынан адамдар сығылысып қалған. Қайғылы оқиға салдарынан 127 адам қаза болған, оның ішінде әйелдер мен балалар да бар. 180-ге жуық адам ауруханаға жеткізілді.

Лига басшылығы алдағы аптадағы бірнеше матч кейінге қалдырылғанын хабарлады. Және қайғылы оқиғаға байланысты тергеу жүргізіледі.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі