///

Тоғжан Қасенова, “Атом улаған дала” кітабының авторы: Атом станциясын салмастан бұрын, Ресейге сенуге бола ма, жоқ па, соны ойланған жөн

3461 рет қаралды
1

6 қазанда Алматыда Aurora space деген жерде “Атом улаған дала” кітабының тұсаукесері болып өтті. Кітап авторы Тоғжан Қасенова бұл кітапты жазуға он бес жылын арнағанын айтады.

2022 жылы Stanford University Press-тен ағылшын тілінде жарық көрген қазақ ғалымының іргелі зерттеуін қазақ тіліне аударуға Фридрих Эберт атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігі қол ұшын созған. “Steppe & World” баспасы қазақ тіліне аударған. Осы таныстырылымда залдан сұрақ қойған көрермен автордан Қазақстанда атом станциясын салуға қатысты пікірін сұраған еді. Сол пікірге құлақ асыңыз:

“Мен энергетик емеспін, сондықтан бізге энергетикалық баланс пен энергетикалық қауіпсіздік үшін атом энергиясының қаншалықты керек екенін білмеймін. Бірақ менде энергияны сақтауға қатысты сұрақ бар. Өйткені, мен көптеген энергияның далаға кетіп жатқанын жақсы білемін. Ең әуелі осы мәселені біржақты еткен жөн сияқты.

Мен атом энергиясын пайдалануға қарсы да, қолдаушы да емеспін.  Бірақ, меніңше, Қазақстан атом станциясын салуды жөн деп санаса, онда бірнеше маңызды сауалдарға нақты жауап беруі керек. Біріншіден, ядролық қауіпсіздік мәселесі. Өйткені атом станциясы өзге станциялармен салыстырғанда ерекше назарды, ерекше жағдайды талап етеді. Мені коррупция мәселесі өте қатты толғандырады. Өйткені, біз Астанада ЛРТ-ны сала алмай отырғанда, атом станциясын қалай сала аламыз. Тамыры тереңге кеткен коррупцияның бұған қатысы зор.  Өйткені егер біз осындай ірі, қуатты өндірісті салатын болсақ, оған ірі көлемде қаржы салынады. Ал бұндай жағдайда кез келген коррупциялық әрекет орны толмас өкінішке ұрындыруы мүмкін.

Келесі мәселе геосаяси мәселе. Әрине, әзірге бұл станцияны кім салатыны шешіле қойған жоқ. Алайда, егерде мен Қазақстан үкіметі болсам, осы мәселені жеті өлшеп, бір кесер едім. Өйткені, мұндай объектіні салу ұзақ жылдық қарым қатынасқа бастайтыны анық. Егер солай болса,  бұл мемлекетке сенуге бола ма? Ресейлік жауынгерлердің Украинаның атом станцияларындағы әрекетіне қарай отырып, бұл сұрақты қоюға мәжбүр боламыз.

Тағы бір мәселе,  Ресей санкцияның астына қалды. Сондай жағдайда, РосАтом жақсы нысан сала ала ма? Менің білуімше, қазір Үкімет атом станциясын салатын басқа әріптестерді қарастырып жатқан көрінеді.

Дегенмен, бұл жерде келісімшартты бастамай тұрып нақтылап алатын сауалдар өте көп. Егер бұл мәселелерді келісіп алғаннан кейін көтеретін болсаңыз, кеш болады.

Тағы бір толғақты мәселе, атом қалдықтарын сақтау. Бұл тек бізге ғана қатысты емес, бүкіл әлем боп шеше алмай отырған мәселе.

Қорыта келе айтарым, тағы бір толғақты дүние қоғамдық сенім мәселесі. Халықтың сеніміне бөлену үшін ұзақ жолды жүріп өту керек. Халық  сенім білдірмесе, қолдау танытпаса, онда бұндай объектіні салу қиынға түседі.

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі