//

Елімізде Мәжіліс және Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы басталды

811 рет қаралды
photo: inform.kz

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, бүгін өтетін сайлауға 12 032 550 дауыс беруші тіркелді.

«Кандидаттарды ұсыну сайлауды тағайындау туралы Жарлық жарияланған күннен басталады және 20 күнге созылады, 8 ақпанда әр аймақта жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады. Үміткерлерді тіркеу 20 қаңтардан 18 ақпанға дейін жалғасады. Сайлау алдындағы үгіт-насихат 18 ақпан күні сағат 18:00-де басталып, 18 наурыз сағат 00:00-ге дейін жүргізіледі. 18 наурыз – тыныштық күні. 19 наурыз – сайлау күні», – деген еді ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

Оның айтуынша, сайлау күні учаскелерде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі.

Еске салсақ, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы 19 наурызда өтеді.

Мәжіліс пен мәслихат сайлауына 7 партия қатысады. Атап айтқанда, «Amanat» партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы, «Respublica» партиясы, «Қазақстан халық партиясы», «Байтақ» жасылдар партиясы, «Ақ жол» партиясы және «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы».

Мәжіліске барлығы 98 депутат сайланады. Оның 70 проценті, яғни 69 орын пропорционалдық жүйемен 5 пайыздық межеден өткен саяси партиялардың тізімі бойынша сайланады. Ал, қалған 30 процент, яғни 29 орын бір мандатты округтерден сайланатын депутаттарға беріледі.

Астана, Алматы, Шымкент және 17 облыстың мәслихаттары сайлауында партиялық тізім және бір мандатты округтердің арақатынасы 50/50 болады. Ал, қалалық, аудандық мәслихаттар 100 пайыз бір мандатты округтер арқылы сайланған депутаттардан тұрады.

Қазақстанда 8 ақпанда кешке кезектен тыс мәжіліс және мәслихат сайлауына кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. ОСК 9 ақпан күнгі брифингіде елде тіркелген жеті саяси партия 283 кандидат ұсынғанын хабарлады.

Ең көбін “Аманат” (90 кандидат) ұсынған. “Ақ жол” – 54, Қазақстан халық партиясы – 52, “Ауыл” – 25, Respublica – 25 кандидатов, ЖСДП – 19, “Байтақ” 18 кандидат ұсынған.

Мәжіліс сайлауына мажоритар бірмандатты сайлау округтері бойынша 609 кандидат ұсынылған. 79 кандидатты партиялар, тағы бес кандидатты төрт қоғамдық бірлестік ұсынған. Қалғаны – өзін-өзі ұсынғандар.

Бірмандатты сайлау округтері бойынша ең көп кандидат Астана қаласында тіркелген. ОСК төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, Астанада екі сайлау округі бар. Әрқайсысынан 63 кандидат ұсынылған.

“Алматы қаласында бірмандатты үш округ бар: N3 бірмандатты округтен 49 кандидат, N4 сайлау округінен 49 кандидат, N5 сайлау округінен 45 кандидат ұсынылды” деді Константин Петров.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі