//

Ораза құтты болсын, ұстаған жан (Ораза кестесі)

1893 рет қаралды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының хабарлауынша, биыл Рамазан айы 29 күнге созылады. 23 наурыз алғашқы күні болса, 20 сәуір – соңғы күні. 21 сәуірде ораза айты басталады. Сәуірдің 17-сінен 18-іне қараған түні – Қадір түні.

Биыл пітір мөлшері 535 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері Қазақстан бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады.

Ораза ниеті: Алла Тағаланың разылығы үшін таң атқаннан күн батқанға дейін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім.

Ауызашар дұғасы: Уа, Жаратқан Ием! Сенің разылығың үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім, Сен берген ризықпен ауыз аштым. Уа, кешірімді Алла! Менің алдыңғы және соңғы күнә-кемшіліктерімді кешір!

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар