////

Тең қоғам тең мүмкіндіктер сыйлай ала ма?

1650 рет қаралды
фото:: ашық дереккөзінен

Жақында біз Minber.kz 2023 жылы «Мүгедектігі бар адамдардың мұңы» атты жобаны жүзеге асыратынын хабарлаған едік. Жоба аясында мүгедектігі бар жандарға қатысты мәселелерді көтеру, сала мамандарымен кездесіп, сұхбаттасу мақсатында айына бір рет шақырылған қонақ спикерлермен тікелей эфирлер өткізіледі.

“ТЕҢ ҚОҒАМ” ҰЙЫМДАРЫНА АРНАЛҒАН ОРТАҚ СТАНДАРТ ӘЛІ ҚАЛЫПТАСҚАН ЖОҚ

Minber.kz: Қайырлы кеш, алдымен бүгінгі тікелей эфирдің қонақтарына алғысымызды білдіреміз. Қайырлы кеш, қонақтар және Мінбердің оқырмандары мен көрермендері, бүгінгі біздің тақырыбымыз  Қазақстандағы “Тең қоғам” орталықтарының қызметі.

Біздің қонақтарымыз – Аруна Рахметұллақызы, Қостанай қаласындағы «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығының жетекшісі және Бибігүл Бекенқызы, Павлодар қаласындағы «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығының үйлестірушісі бізбен бірге. Қош келдіңіздер, сіздерге уақыт тауып келіп, тікелей эфирге шақыртуымызды қабыл алғандарыңыз үшін тағы да алғыс айтамыз.

Барлық оқырмандар, көрермендер үшін, мүмкін біреулер бұл орталықтар туралы білмейтін де болар, жалпы барлық мүдделі тұлғалар үшін “Тең қоғам” орталықтары деген қандай орталық, бұл орталықтар сіздің қалаңызда қашан ашылды, осы орталықтардың мақсаты мен міндеттері туралы айтып өтсеңіздер.

Аруна Рахметұллақызы: Кеш жарық, бүгінгі эфирге қатысушылар. Менің есімім – Аруна Жақсағұлова, мен «Үміт-Надежда» ұйымының жетекшісімін және Қостанай қаласындағы мүгедектігі бар адамдар мен олардың отбасы мүшелері үшін «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығының жетекшісімін. Біз бұл жобаны екі жыл қатарынан жүзеге асырдық. Қазіргі уақытта мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізіліп жатыр. Біз құжаттарымызды ұсындық, алайда балама қатысушы болмаған соң, байқау өтпеді. Енді екінші кезеңге ұсындық, күтіп отырмыз.

Орталықтарды кім қаржыландырады және олар қандай бағдарламаның аясында жұмыс істейтіні туралы сұраққа келсек. Тең қоғам орталықтарының жұмысын «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ұсынатын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырамыз.

Тең қоғам орталықтарының жұмысын 2021 жылы бастадық. Биыл да осы жұмысты үшінші жылы жалғастырамыз деп үміттенеміз. Тең қоғам орталықтарының ең басты мақсаты – мүгедектігі бар адамдардың жұмысқа орналасуына ықпал ету, олардың жұмыс іздеуде және жұмыс орындарын ұстауда әлеуетін арттыру, сонымен қатар мүгедектігі бар адамдарды тұрмыстық, әлеуметтік дағдыларға, жалпы осы мақсатты топтың біздің қоғамға лайықты сіңісіп кетуі үшін қажетті барлық дағдыларға үйрету кезінде ақпараттық, заңдық, психологиялық, техникалық, ресурстық қолдау көрсету.

Тең қоғам орталықтары жобасын екі жыл бойы жүзеге асыру кезінде біз бірінші жылы 700- ге жуық адамды қамтысақ, ал екінші жылы 900 адамға қызмет көрсетіп, қызметтер саны 1000-нан асты.  Барлық қызметтер 100 пайыз веб-порталдарға көшіп кетті, әлеуметтік қызметтер порталы, барлық үдерістер цифрландырылған. Сондықтан, біздің адамдар, мүгедектігі бар адамдар болсын, қамқоршылар, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналар болсын барлығына барлық қызметтерді – техникалық құралдарды таңдау, ЭЦП жаңарту, кілттерді алу, шипажай емін алу үшін жолдамаларға арыз беру, жұмысқа орналасу, қандай да бір ақпаратты алу, оқу, соның ішінде IT технологияларға оқыту сияқты қызметтерді көрссетуді бүгінгі таңда Тең қоғам орталықтары атқарып отыр.

Бұрын бұл міндеттер ХҚКО мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына жүктелсе, қазір адамдар бізге келеді, орталық туралы барлығы біледі. Біріншіден, олар барлық қызметті бір жерден ала алады. Екіншіден, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында адам көп, сол себептен қызметкерлер әр адамға қажетті уақыт пен көңіл бөле алмайды.

Мүгедектігі бар адамдар, егде жастағы адамдар, есту не көру қабілеті төмен, үйде мүгедектігі бар баламен отырған адамдар үшін осы IT кеңістікте қалағанын, қажетін бірден табу, өз бетімен қызметтерді алу өте қиын, кейбіреулері электрондық кілттерді алғаш рет пайдаланып отырған болуы мүмкін.

Қазір шипажайда емделуді таңдау, биыл техникалық құралдарды таңдау қызметі жаңартылды. Мысалы, олар техникалық құралдардың сапасы төмен, қазіргі заман талаптарына сай емес деп шағымданады. Ал порталдарда олар сол техникалы құралдар туралы өз пікірлерін қалдыра алады. Сол себептен бұл жобаны біздің орталықтар сияқты қоғамдық бірлестіктер жүзеге асырады.

Мен өзім мүгедектер арбасын пайдаланушының бірімін, өйткені жарақат алдым, өзім заңгермін, заң ғылымының магистрімін, 19 жылдан бері Дүйсенғали Сұлтанұлымен бірге Қостанайдағы осы ұйымды басқарамын және дәл осы ұйымның бастамашысы және негізін қалаушысымын.

Minber.kz: – Аруна Рахметұллақызы, сізге тағы да қосымша сұрағым бар, орталық жобаның техникалық ерекшеліктерінің аясында сіз жалға алған мекенде жұмыс істей ме?

Аруна Рахметұллақызы: – Жоқ, техникалық ерекшелік аясында емес. Біз Қостанай қаласында 19 жылдан бері жұмыс істейміз, көп адамның басын біріктіріп отырмыз, біздің тәжірибеміз өте мол. Біз жалға алған орынжайда жұмыс жасаймыз, орынжай пандустар, санитарлық бөлмелермен жабдықталған. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарға мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді жалға алған не меншіктегі орынжайы бар ұйым ғана қатыса алады деген критерий, талап бар. Бұл міндетті критерий. Біз көп жылдан бері 200 шаршы метрден астам көлемде орналасқан ғимаратты жалға алу шартымен алып отырмыз.

Бибігүл Бекенқызы: – Мен Павлодар қаласындағы менталды проблемалары бар адамдарға арналған қоғамдық бірлестік басшысының орынбасары боламын. Біздің ұйым 2001 жылдан бері жұмыс істейді және 2011 жылдан бері біз психоневрологиялық аурулары бар адамдарға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындадық.

Біздің тарихымыз “Тең қоғаммен” тығыз байланысты. 2011 жылы біз барлық оңалту орталықтары сияқты 8 әлеуметтік қызмет көрсете отырып, атап айтқанда менталды аурулары бар адамдарға қызмет көрсету жұмысын бастадық. 2008 жылы біз еуропалықтарға шықтық, үздік тәжірибені зерделеу мақсатында Польшаға бардық. 2013 жылдан бастап біз еуропалық стандарттарға сәйкес жұмыс істей бастадық.

Менталды аурулары бар адамдарды оңалтудың басты критериі еңбекпен қамту. Яғни біз бірден сондай жоғары нәтижеге жетуді мақсат еттік. Мұндай жетістікке жетеміз деп ешкім ойламады. «Альрами» клуб үйінің мүшелері, біздің жастар өздері жұмысқа орналасты. Ынталандыруды және өзін-өзі бағалауды арттыру үшін біз оңалту шараларын клубтағы әртүрлі міндеттерді орындау арқылы жүргізуден бастадық. Осылайша біз сол кезде-ақ еңбекпен қамтуды бастап кеткен едік.

Ол кезде мемлекеттің саясаты біздің саясатымызбен сәйкес келмеді. Олардың ата-аналары айтқандай біз олардың көңілін көтеруіміз керек, оларға жұмыс жасатуға болмайды, еңбекпен қамтуды мақсат етуге болмайды, біз осындай ерекше адамдармыз. 2016 жылы біз халықаралық аккредитациядан өттік. Сол кезден бастап менталды аурулары бар адамдар бойынша халықаралық аккредитациядан өткен клуб үйі болып есептелеміз. 2021 жылы қазан айында Павлодар қаласында мені басқармаға шақырды, бізде сол кезде Алматыда “Тең қоғам” орталығы пайда болған еді.

Қазақстанда осындай жоба жүзеге асырылатынына қуандық. Бізге меморандумға қол қоюды ұсынды, өйткені біздер дәл осы қызметпен ұзақ жылдар бойы айналысып келеміз. 2021 жылы біз волонтерлық негізде өзіміздің жастармен осы жобаны өткіздік.  Жобаны кім жүзеге асырады деген сұраққа басқарма мамандары Альрами көп жылдан бері осы мәселемен айналысады деп жауап берген. Біз тар бағытта жұмыс жасадық.

2022 жыл бойы біз “Тең қоғам” жобасымен жұмыс жасадық. Өйткені жоба біздің мақсаттарымызбен, ұстанымдарымызбен, әдістерімізбен үндеседі. Біз жобамызды кеңейте алғанымызға қуаныштымыз. Біздің бір жобамыз менталды аурулары бар адамдарға арналған болса, екіншісі мүгедектігі бар адамдарға арналған. Біз мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс ретінде орындап отырған жоба еңбекпен қамту орталығынан, біздің жобамыздың мақсаты психологиялық, заңдық, кеңестік, тұрмыстық қызметтер кешенін көрсету және еңбекпен қамтуға ықпал ету.

Еңбекпен қамту орталығы өздеріне мүгедектігі бар адамдар жүгінген кезде бізге жолдап отырды. Біз өз алгоритмдеріміз бен әдістеріміз бойынша жұмыс істедік. Көптеген жаңалықтар аштық. Көріп отырғанымыздай көптеген қалаларда Тең қоғам орталықтары бар,  бірақ  ортақ стандарт жоқ. Ортақ стандарттар бойынша жұмыс жасаған тиімді және сапалы нәтиже көруге болады, өйткені барлығымыз бір форматта жұмыс істейміз. Біз өз командамызбен жылдық шығармашылық есеп дайындаған кезде, біз мүгедектігі бар адамдардың көпшілігі сөзбен жұмысқа орналасқысы келетінін түсіндік. Бірақ, оларға психологиялық тұрғыдан анықтау үшін көмек көрсету қажет, олардың көбі дағдыларын жоғалтып алған, оларды қалпына келтіру қажет, диагностика, тестілеу өткізу қажет, оларды алып жүру керек. Сізге ең негізгі әдісті айтайын, ол коммуникация және оңалту деп аталады. Бізге кейбіреулер тек бір, екі кеңес алу үшін келді, біреулері тек психологқа, тек заңгерге келді, тағы біреуіне ЭЦП жасау қажет болды, келесі біреуге компьютерлік дағдыларды үйрену қажет болды. Ал кейбіреулер тек бос уақытын өткізу үшін келетін, айтпақшы келушілердің белгілі бір пайызы тек бос уақытта өткізілетін шараларға, кездесулерге ғана келді.

Біздер осыған қарап отырып, мүгедектігі бар адамдарға орта, коммуникация қажет, оларға осы оқшауланудан шығу үшін көмектесу қажет деген тұжырымға келдік. Мемлекеттік ұйымдардың өкілдері біз оларды тез жұмысқа орналастырады деп үміттенеді. Әрине біз оларды жұмыс берушілердің неге жұмысқа алғысы келмейтінін, кімдер алғысы келмейтінін түсіндіреміз, жұмыс берушімен қалай дұрыс сөйлесу қажет деген сұрақтарға жауап іздейміз.

Бұл саладағы біздің мол тәжірибеміз көрсеткендей, қысқаша қорытындыласақ мүгедектігі бар адамдарды белгілі бір пайызда еңбекпен қамтуға қол жеткізу үшін адамдардың көпшілігіне коммуникация және коммуникация арқылы оңалту қажет. Оларға адамдармен араласу қажет, сол кезде олар жұмысқа орналаса бастайды. Біздің ойымызша біздің менталды аурулары бар адамдар бес жылдан соң ғана жұмысқа орналаса бастайды.

МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ҮШІН, БЕЙІМДЕЛГЕН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ЖАБДЫҚТАУ КЕРЕК

Minber.kz: Осыдан туындайтын сұрақ, сіз мақсатты топты, аудиторияны қалай табасыз және олар сізді қалай тауып алады?

Бибігүл Бекенқызы: – Қарап отырсақ орталықтар әр қалада әртүрлі жұмыс істейді. Бір жерде еңбекпен қамту бөлімінен, біреулер еңбекпен қамту басқармасымен, келесі біреуі министрлікпен бірге жұмыс істейді. Біз Павлодар қаласының еңбекпен қамту орталығымен жұмыс істейміз. Егер олар жұмысқа орналасқысы келсе, жұмыспен қамту орталығына келеді.

Minber.kz: – Аруна Рахметоллақызы, мүмкін сіздің де жауабыңыз болар, сіз не дейсіз? Орталықтардың жұмыс жасау принциптері бірдей сияқты, ия? Мақсатты топты сіздер де жұмыспен қамту орталықтарынан табасыздар ма?

Аруна Рахметұллақызы: – Біз жұмыспен қамту орталықтарымен, ұкіметтік емес ұйымдармен, атқарушы билікпен өзара әрекетте жұмыс істейміз. Негізінен адамдар бізге келуі қажет екенін біледі, келіп те жатыр.

Minber.kz: – Әзірге сіздер арнайы әлеуметтік қызмет нормаларымен жұмыс істейсіздер ме?

Аруна Рахметұллақызы: – Жоқ, біз мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жұмыс жасаймыз. Жоба мүгедектігі бар адамдар мен олардың отбасы мүшелеріне арналған. Техникалық ерекшеліктерде барлық алгоритмдер бар, біздің қандай қызметтер, көмек көрсететініміз туралы да жазылған. Ең маңыздысы жұмыспен қамтуға ықпал ету. Бұл өте маңызды. Біздің орталықтар бір уақытта қызмет те көрсетеді, сонымен қатар кәсіпорындарға алаң бола алады. Біз оқыту семинарлары мен тренингтерді ұйымдастырамыз. Сонымен қатар адамды сұхбаттасуға дайындау, құжаттарын дайындау, түйіндемесін дайындау сияқты қызметтер көрсетеміз. Яғни, басынан бастап, толық  жұмыс іздеуге көмектесу.

Minber.kz: – Бибігүл,Сіз толықтыра аласыз.

Бибігүл Бекенқызы: – Адамдар біз туралы қайдан біледі? Негізгісінің бірі жұмыспен қамту орталықтарынан жұмысқа орналасқысы келетін адамдарға жолдама беріледі, олардың 20% жұмысқа тап қазір, дәл осы уақытта орналасқысы келеді. Оларға басқа ешнәрсе қажет емес. Сонымен қатар, заңгер мен психологтың кеңесі. Үшіншісі – Инстаграм. Яғни, Альрами арқылы келеді, бұл біздің өте белсенді, сауатты жүргізілетін парақша. Тең қоғамның да өз парақшасы бар екен, Альрами парақшасына тікелей  байланған.

Мақсатымыз – мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру екенін түсінемін. Ал оларды жұмысқа орналастыру үшін оларды міндетті түрде бейімдеу керек. Ол үшін жұмыс орындарын, яғни бейімделген жұмыс орындарын жабдықтау қажет.

Негізі біздің қоғамдағы менталитетпен жұмыстану керек, ауқымды масштабта сөйлесек, өйткені жұмысқа орналастыру өте қиын. Хабарландыруларда бір тақырып жазады, шын мәнінде басқа нәрсе болып шығуы мүмкін. Мысалы, аула сыпырушы қажет, барсаң, мүлдем басқа лауазым, шын мәнінде ол жүк тиеуші техник болып шығады. Негізінен техникалық мамандарға сұраныс көп, жүк тасушы, аула сыпырушы, вахтерлар және т.б. аса жоғары сұранысқа ие. Тіпті бос жұмыс орындары болмайды. Техникалық мамандықтар жоғары сұранысқа ие.

ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ АУЫРАТЫН АДАМДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ӨТЕ ҚИЫН

Minber.kz: – Өткен жылы неше адамды жұмысқа орналастыра алдыңыздар?

Бибігүл Бекенқызы: – Индикаторларға қатысты. Мен стандарттардың жетілмегендігі туралы айтып отырмын. Жеке өзіміз, міне, ол Тең қоғамға келді, заңгерлік және психологиялық кеңестерді алды, жұмысқа орналасу жөніндегі жаттықтырушымызбен жұмыс істеді және нәтижесінде біз үш адамды жұмысқа орналастырдық, олардың ішінде жобаның соңында тек біреуі ғана, көше тазалаушы болып орналасты.

Бірақ біз 30 адамды жұмысқа орналастырдық деп  есеп бердік, өйткені бір жыл ішінде біздің әр түрлі сабақтарымыздан өтіп, бос уақыттағы іс-шараларға қатысты. Бір-екі айдан кейін мониторинг жүргіздік. Олар енді келмейді, қаламайды. Біз оларға қоңырау шалып, жұмысқа орналастыңыздар ма деп сұраймыз.

Олар өз жұмысын тапқан себебі, өйткені ол бізден сұхбат нұсқаулары, жұмыс іздеу нұсқаулары, хэдхантермен, ОЛХпен қалай жұмыс істеу керек, басқа жұмыс парақтарына қалай кіру керек деген папкамен кетіп еді. Көбісі “Мен өзімді таптым, сіздердің көмегіңсіз таптым” дейді. Біз оны біздің курстарды аяқтағаны жөніндегі сертификатпен шығарамыз. Бірақ соңында біз 35 адамды санадық. Бізден кейін бізбен онлайн байланыс орнатып, өз бетінше жұмысқа орналасқандар да бар. Яғни біз бос жұмыс орындарын жібереміз, ол жоқ немесе иә деп жауап береді. Кейде барған жерлерінде жұмысқа алады, кейде алмайды. Бірақ соңында 95 адамның 35-і. Мемлекеттік тапсырыс бойынша біз кем дегенде 80 адамға қызмет көрсетуіміз керек, нәтижесінде 95 қызмет көрсеттік. Оның 35-і бір жыл ішінде жұмысқа орналасты. Бізде болған бір өте ауыр жағдай туралы айта кетейін. Өте жақсы қыз, керемет, жоғары дайындықтан өткен, біздің бүкіл курстан өтті. Ол эпилепсиямен ауырады. Жұмыс берушелірдің жауабы: Жоқ, мүлдем жоқ, барлық жерде. Ақыры біз оны жұмысқа тұрғыза алмадық. Мұндай сәттер өте қиын.

Аруна Рахметұллақызы: – Біз, әрине, мүгедектіктің барлық санаттарымен жұмыс істейміз. Мысалы, психикалық бұзылулармен жұмыс істеу әлдеқайда қиын, өйткені заңды түрде шектеулер бар. Ал жұмыс берушілер жауапкершілікті өз мойнына алғысы келмейді. Бізде менталды және мүлдем басқа категориялар бар. Біз қандай қиындықтарға тап боламыз? Біріншіден, шынында да, мүгедектікке ұшыраған адам біліктілігін жоғалтады. Ол құлап кетеді. Әсіресе кәсіби дағдылар, критерийлер бір орында тұрып қалады. Қазір әрбір жұмыс беруші адам компьютер туралы білімге ие ме және т.б. сұрайды. Кәсіби жарамдылық және бәсекеге қабілеттілік ашық еңбек нарығында ол дені сау адамдарға қарағанда әлсіз. Сондықтан орталықтар, мысалы, біз 2021 жылы тігін курстарын оқытуды ұйымдастырдық, бізге 32 адам жазылды. Барлық сабақтар, тестілеу толығымен өтті. 15 адам лицензияланған сертификаттар алды. Олар Даму, кәсіпкерлік бөліміне қатысып, 1,2 млн теңгеден грант ұтып алды. Міне, нәтиже.

Содан кейін 2022 жылы біз IT технологияларын оқытуды ұйымдастырдық, 4 бағыт бойынша оқыттық. СММ менеджмент, мақсатты жарнама, копирайтинг және түрлі порталдармен жұмыс жасау бойынша мамандар даярланды.

ҚАЗАҚСТАНДА АҚЫЛ-ОЙ КЕМІСТІГІ БАР АДАМДАРДЫҢ ГРАДАЦИЯСЫ ЖОҚ

 Мен жұмыс чатындамын, қазір әлеуметтік Кодексте жұмыс істеп жатырмын, сондықтан мен де сол жерде ұсыныстар ұсындым. Себебі Қазақстанда ақыл-ой кемістігі бар адамдардың градациясы жоқ. Жұмыс беруші адамның психоневрологиялық аурулары, соның ішінде эпилепсиясы бар екенін естігенде, олар мұндай адамдарды жұмысқа алудан қорқады. Мұнда, әрине, стигма, сонымен бірге заңнамалық аспект іске қосылады. Себебі жұмыс беруші кейін жауап береді.

Сондықтан, қазір және халықаралық стандарттар бойынша, ақыл-ойы бұзылған адамдардың көпшілігінің арасында жұмыс істей алатын және жұмыс істей алатын белгілі бір бөлігі бар екенін атап өту керек. Бұл заңмен бекітілуі керек. Бұл бір. Екіншіден,  Тең қоғам орталықтарында тұрақты негізде адамдарды оқыту мүмкіндігі болуы керек. Сонымен қатар, қазір барлық технологияларды компьютер арқылы, барлығы электронды кілттер арқылы ғой.

Бибігүл Бекенқызы: – Жұмысқа орналасу проблемасы тек менталды мүгедектігі бар адамдарда ғана  емес, сонымен қатар тірек-қимыл аппараты проблемалары бар адамдарда да кездеседі. Мен басқа аймақтардағы орталықтардың қалай жұмыс істейтінін көрсек екен деймін. Мысалы, кейбір аймақтардан жұмысқа орналасу өте оңай деп естідім. Мен онымен келіспеймін. Бізде өнеркәсіптік қала болса да, көптеген жұмыс орындары бар болса да, жұмысқа орналасу қиын.

Minber.kz: – Оңалту орталықтары мен Тең қоғам орталықтарының жұмыстары бірін-бірі қайталамай ма?

Бибігүл Бекенқызы: – Жақсы сұрақ. Қайталанатын болса да жақсы. Себебі әсер күшейеді, жеделдетіледі. Менің ойымша, олар қайталанбайды, өйткені мені қызықтыратыны, басқа оңалту орталықтары немен айналысады. Егер, мысалы, біздің негізгі миссиямыз ақыл-ой кемістігі бар адамдарды оңалту болса, онда біз олардың арасында да демаркация жасадық. Яғни, бір корпус ешқашан жұмысқа тұрмайтын адамдармен айналысады, ал екінші корпус жұмысқа орналасуға мүмкіндігі сақталған адамдармен айналысады. Мысалы, адамдар стандарттар бойынша жұмыс істегенде, олар басқа ұқсас орталықтардың қалай жұмыс істейтінін біледі. Үкіметтік емес ұйымдар және мемлекеттік органдар тексерулері әрқашан оңай болады. Әр аймақтың өзіндік жұмыс ерекшелігі бар.

Бізге Нью-Йорктен аккредиттеу комиссиясы келді және ол бізді әр стандарт бойынша тексерді. Бұл менталитетке қарамастан, 36 халықаралық стандарт бойынша тексеру қиын болған жоқ. Осылайша, егер бізде стандарттар болса, онда біз нарыққа кіре аламыз, мысалы, Шымкентке, онда бұл мәселені көтеруге болады. Қазір мүмкін емес.

Minber.kz: – “Тең қоғам” орталықтарының жұмысына қанша қаражат бөлінеді?

Бибігүл Бекенқызы: – Шартқа сәйкес біз соманы айта алмаймыз. Жоба жыл сайын жарияланады. Қаңтар айында тендер жарияланды, біз қатыса алмадық, балама болмады. Процедура кешіктірілді, енді ол наурыз айына дейін созылады, тек сәуірде басталады. Шарттар 3-5 жылға жасалуы керек деп санаймыз. Қандай органдар оның сыбайлас жемқорлық қаупі бар деп санайтынын білмеймін. Кейбіреулер сол үкіметтік емес ұйымдардың жобаны қайта жеңіп алуына наразы. Өйткені олар сапалы жұмыс істей алады. Егер сіз 3-5 жылға келісімшарт жасасаңыз, бұл тіпті мемлекетке де пайдалы. Жыл сайынғы инфляция бар.

Аруна Рахметұллақызы: – Мен де айтпауым керек, бұл шарт аясында. Бірақ бұл 10-нан 11 миллион теңгеге дейінгі сома. Бұл адамдар санына байланысты. Мұның бәрі техникалық сипаттамада көрсетілген. Бізде 8 маман бар.

Модератор: Жанар Оспанова, мәтінін түсіргендер Жанар Оспанова, Альфия Шамай,  өңдеген Есенгүл Кәпқызы. 

Бұл жоба –  АҚШ даму агенттігі (USAID) арқылы америка халқының көмегімен “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы” аясында дайындалды.
“Мінбер” ақпарат агенттігі ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты жəне ақпарат USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі