///

Алматыда “Журналистиканың негізгі машықтары: Тереңдетілген деңгей” тренингі басталды

970 рет қаралды

Бүгін Алматыдағы Holiday Inn Express қонақ үйінде “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының ұйымдастыруымен “Журналистиканың негізгі машықтары: Тереңдетілген деңгей» атты тренинг басталды. 

Тренингтің негізгі мақсаты тәжірибелі журналистердің ашық ақпарат көздерімен жұмыс істеу, фактчекинг құралдарын пайдалана отырып, ақпаратты тексеру, ақпаратты іздеу және оны өңдеу, контентіңізді әлеуметтік желіге бейімдеу мәселелеріне қатысты тақырыптарды игеруіне ықпал ету.

Тренерлер: Молдияр Ергебеков, Елнұр Алимова, Думан Смақов, Жансерік Тілеухан, Аян Ғизатов және “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының жетекшісі Есенгүл Кәпқызы.

Алғашқы тренингті – “Заманауи журналистика және медиа этика” тақырыбында, Өнертану докторы, PhD, Қауымдастырылған профессор Молдияр Ергебеков өткізіп жатыр. Ол қазіргі журналистикадағы медиа этикадағы маңызды мәселелерді ортаға салып, журналистердің сыни ойлауға бағыттауды мақсат етті.

Тренингке Қазақстанның түкпір-түкпірінен 62 өтініш келіп түсті. Солардан арасынан өңірлерден 15, Алматы қаласынан 7 қатысушы келіп қатысып жатыр.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі